Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауы еліміздің дамуына тың серпін беретін жаңа бағыт болып отыр. Еліміздің алға қойған үлкен мақсаты – 2050 жылға қарай әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болу. Елбасы алдымызға Қазақстанды Үшінші жаңғырту міндетін қойды. Мемлекет басшысының өзі айтқандай, алғашқы екі жаңғырту елімізді аз ғана уақыттың ішінде әлемдегі дамыған елу елдің қатарына алып шықты. Әрине, ғасырлар бойы бодандықта болған, әлемдік қо¬ғамдастыққа алғаш енген ел үшін бұл аз жетістік емес.
Мемлекет басшысы Қазақстан¬ның үшінші жаңғыртуын ¬жүзе¬ге асыру үшін осы күрделі уақытта еліміздің бәсекеге қабілет¬тілігін қамтамасыз ете алатын экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру қажеттігін айтты. Атал¬ған фактор жаңғырудың бес негізгі басымдықтарының ір¬ге¬тасы болып табылады. Ол эко¬номиканың жеделдетілген тех¬но¬логиялық жаңғыруы, адами капиталдың сапасын жақсарту және институционалдық өзгерістер. Бұл бағыттар қазақстандық экономика қарқынының өсуін орташа әлемдік деңгейден жоғарылатып, Қазақстанның әлемдегі жетекші 30 елдің қатарына қарай ілгерілеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Еліміз экономикасының өсуінің жаңа үлгісі бізді бұрыннан көтеріп келе жатқан шикізат, мұнай өндіруден емес жаңа, жоғары технологиялы салаларды дамытуға негізделгені – Елбасы Жолдауының ең басты ерекшелігі. Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері де өзінің стратегиялық маңызын сақтап қалуы тиіс. Сонымен қатар, Елбасы жаңа нарықтарға шығып өнім жеткізу аумағын кеңейту және шикізатты кешенді түрде қайта өңдеуді тереңдету қажеттігі жөнінде айтты.
Жолдауда үшінші басымдық мем¬лекеттің экономикадағы үле¬с¬ін ішкі жалпы өнімнің 15 ¬па¬йызына дейін, экономикалық ын¬¬ты¬¬мақ¬тас¬тық және даму ұйымы ел¬дері деңгейіне дейін төмендету эко¬номикалық өсімге тың серпін бе¬ретіндігі аталып өткен. Сонымен қа¬тар, «Самұрық-Қазына» хол-дингін сапалы түрде трансформа¬ция¬лау, «Бәйтерек» және «ҚазАгро» хол-дингтерін қайта құру, еліміздің қаржы секторын жаңғырту мен қор нарығын одан әрі дамыту алға қойған негізгі міндеттердің бірі болып отыр.
Биылғы Жолдауда еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударылды. Расымен де қазіргі кезде дүниенің түкпір-түкпірінде бәсекелестік күшейіп отыр. Бәсекеге қабілетті болу де¬геніміз – бизнестің қарапайым қағи¬дасы, ережесі. Ол үшін, әрине, әуелі халыққа кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беріп, шағын бизнесті дамытуға жағдай жасауымыз керек. Бүгінгі таңда жер жүзінде IT технологиясы дамыған, ауыл шаруашылығы шалқыған елдер ғана алға шығып жатқаны белгілі. Егер мемлекет өз халқын жақсы өніммен қамтамасыз етіп, тағамдарын сапалы жасағысы келсе алдымен өз елінің ауыл шаруашылығын дамытудан бастау керек екендігін Президент қадап айтты.
Сонымен бірге, Елбасы ша¬ғын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және оларды қаржылық сауаттылыққа үй-ретуді тапсырып, Қазақстан аза¬маттарының өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алатындығын атап көрсетті.
Құжатта салық-бюджет сая¬сବтын жаңа экономикалық жағ¬дайға бейімдеуге байланысты да міндеттер қойылған. Қаражаттарды нақты экономикаға неғұрлым тиімді жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдету, фискалдық орталықсыздандыру саясатын жал¬ғастыру, жергілікті жерлерге функциялар мен өкілеттіктерді батыл беру керектігі айтылған.
Жолдаудың тағы бір атап айтар ерекшелігі, әлеуметтік қолдауға ерекше мән беру. Қарапайым тілмен айтқанда, бүгінгі уақытта кім еңбек етсе, кім кәсіппен айналысса, кім білім аламын десе барлық қолдау жасалатыны, мемлекет қамқорлығын әрбір азамат сезіне алатындығы Жолдауда айқын көрініс тапты.
Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі қоғамға ой саларлық мәселе болғандығы баршаңызға мәлім. Президент билігінде болған 40-қа тарта құзыреттің Парламент және Үкіметке берілуі олардың жауап¬кершілігін арттыруға жол ашады және сайлауда жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға ықпал ететін болады. Бұл бағыт мемлекетті басқарудың тиімділігін күшейтетін жүйе болатындығы даусыз. Аталған Үндеуді Қазақстан халқы қызу талқылап, өз ойларын білдіруде.
Президент Жолдауында қойылған міндеттерді орындау – әрбір қызметкердің, Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті парызы!
Әуезбек ДҮЙСЕНБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша
Қазынашылық департамент басшысы.