Қызылорда облысы құрылған 1938 жыл мен 1990 жылдар арасында облыстық партия ұйымының басшысы болып 17 хатшы жұмыс істеген екен. Олар Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып, ел мен халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына күш-жігерлерін жұмсады. Өйткені, олардың басты мұраты – халқының мүддесі, қызметі халқының қамы болды. Сондықтан облыс басшылығы берісі – облыс, әрісі республиканың саяси, әлеуметтік және экономика салаларына елеулі үлес қосқан бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлерінің атын облыс орталығындағы үш мектепке беру туралы жоғары жаққа ұсыныс жасап, ол лайықты қолдау тапқан еді. Соның дәлеліндей, Сужиков Мұхамедғали Әленұлының есімі қаладағы №6 мектепке берілетін болды. Бұл тірлікке ұйытқы болған облыс басшылығына Сужиковтер әулеті атынан шын ықыласты ризашылығымызды білдіреміз. Мұхамедғали Сужиков кім еді? Неге осы кезге дейін халық оған қызығушылық танытып отыр?
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 наурыз 2017 г.
1 109
0
28 наурызда Қызылордада Алаштың және Түркі әлемінің ардақтысы Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Алдымен Рахымжан Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» спектаклінен үзінді қойылды. Мұнан соң Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тұрғындарын ескерткіштің ашылуымен құттықтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 наурыз 2017 г.
1 391
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ҚР Президенті Жолдауының орындалуы туралы мәжіліс өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 наурыз 2017 г.
868
0
Ұзаған жыл соңына қарай орден-медалі бар, бас¬қасы бар марапат қарша борады. Оларды жұрт әлеуметтік желілерде қиюын келтіре әспет¬теді. Пәленше-Түген¬шені құттықтаған жазбалар қаптап кетті. «Медаль алмаған адам қалмаған-ау» деген қаңғалақтаған ой келді сонда. «Байдың асын байғыз қызғанады» дей көрмеңіз, Құдай үшін! Тек кейінгі уақытта атақ-даңқтың осынша арзандап кеткені ерсілеу көрінеді екен. Төсбелгіні шүлен таратқандай тегін үлестіргесін оған кімнің лайық, кімнің лайық емесін біле алмадық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 наурыз 2017 г.
1 376
0
Кеше облыстық филармонияның концерт залында Халықаралық театр күніне арналған Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театры ұжымының салтанатты шарасы өтті. Мереке қарсаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, өнер иелерінің жеткен жетістіктерін тілге тиек етті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 наурыз 2017 г.
1 239
0
Белгілі мұстафатанушы Көшім Есмағамбетовтің құрастыруымен Мұстафа Шоқай шығармаларының 12 томдық толық жинағы жарық көргені белгілі. Осы басылымның екінші томы туралы арнайы дайындалған мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 наурыз 2017 г.
977
0
Биыл Қармақшы ауданы бойынша егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасында жалпы егіс көлемі 23910 гектар, оның ішінде күріш 14205 гектарға егіледі деп белгіленді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі былтырғы деңгейден көп өзгермеген. Тек мақсары дақылының көлемі (1709 гектар) артып отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 наурыз 2017 г.
771
0
Өмір бар жерде өзгерулер бар. Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан. Оның өзі тіршілік заңы. Нарық аз ғана жылдар ішінде жан-жағымызға көп өзгерістер әкелді. Біздің қалаларымызды алайықшы. Әсіресе, орталықтары түрлі-түске боянып, қырғауыл құстай сылаңдап шыға келген жоқ па. Ал осы өзгерістердің түпнұсқасы шетелдерден келіп жатқаны түсінікті. Дәлірек айтқанда, нарыққа баяғыда көшкен елдер тіршілігіне еліктеудеміз. Бұл жерде жақсы мағынада айтқымыз келеді. Біз олардың жақсыларын алмай, бай тәжірибелерінен көп нәрсе үйренбей, ісіміз алға баспасы белгілі. Бизнеспен айналысушылардың, коммерсанттардың шет жерлерде болып келгендері «болмасаң да ұқсап бақ» дегендей, дәл сол жақтағылардай болмағанмен де соған жуықтайтын қонақ үй, кафе-бар, мейрамхана, сән салоны секілді тағы басқа сауда және қызмет көрсету орындарын ашып тастады. Жалпы қай сала болмасын ғылым, өндіріс, медицина және басқалары жылдан жылға шетелдік технологияларды кеңінен пайдалануда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 наурыз 2017 г.
597
0
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бес ауданға жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы әр ауданда кәсіпкерлікті дамытуға қатысты актив жиындарына қатысып, тиісті тапсырмалар берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 наурыз 2017 г.
904
0
Қонақтамыз. Үйлену тойы. Ет желініп, шай ішіліп болды. Бас табақ иелерінің бата беретін реті. Жасы алпыстың о жақ-бұ жағындағы төрт-бес кісі бір-біріне ысырып сала берді. Сол жерде «сен айт» та, «сен айт» болды. Біреуін ақыры көндірді-ау. Қонақтар қолдарын жайып күтіп отыр. Әлгі атамыз «ал мына екі жас бақытты болсын!» деп бастап, аяғында інісінің үрім-бұтағын түгендеп кетпесі бар ма?! Жұрт жалықты ғой деймін, әбден тыпыршыды. Қатарда қалжыңбас жігіт ағасы бар екен, сол «мынаның әумині қай жерінде?» деп қойып қал¬ды. Абыржып қалған ас қайырушы ата бата соңын қысқа қайырып, отырғандар «үһ» десті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 наурыз 2017 г.
1 725
0