Биыл Қармақшы ауданы бойынша егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасында жалпы егіс көлемі 23910 гектар, оның ішінде күріш 14205 гектарға егіледі деп белгіленді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі былтырғы деңгейден көп өзгермеген. Тек мақсары дақылының көлемі (1709 гектар) артып отыр.
Қармақшылықтар дәстүрлі күріш дақы¬лынан басқа картоп, көкөніс, бақша және майлы дақылдарды өндірістік негізде өсіруді, сонымен қатар жүгері, арпа және мал азықтық дақылдар көлемін көбейтуді қолға алды. Ол аудан халқын азық-түлікпен жыл бойы қамтамасыз етуге және мал шаруашылығына қажет сапалы жем-шөп қорын жасауға мүмкіндік береді.
Егіске 3977 тонна күріш, 40 тонна бидай, 58,5 тонна жоңышқа, 7 тонна мақсары тұ¬қымдары құйылды. Дайын¬¬далған 3977 тонна күріш тұқымының 300 тоннасы – «Маржан», 996 тоннасы – «Янтарь», 2600 тоннасы – «Лидер», 81 тоннасы «Новатор» сорттары. Құйылған күріш тұқымының 81 тоннасы – І репродукциялы, 2400 тоннасы – ІІ репродукциялы, 1200 тоннасы ІІІ репродукциялы болды.
Қажетті минералдық тыңайтқыш¬тардың көлемі 9,5 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде аммоний сульфатының 5,5 мың, карбамидтің 2,55 мың, аммофостың 1,4 мың, аммиак селитрасының 64 тоннасы керек.
Ауыл шаруашылығы құры¬лым¬дарына 12,7 мың литр гербицидтер, оның ішінде «Гулливерден» 100 литр, «Номиниден» 80 литр, «Соли¬тодан» 700 литр, «2М4Х» 1300 литр, «Рейнбоу¬¬дан» 10500 литр керек. Шаруашылықтардың тың¬¬айт¬қыш жеткізушілермен келісім-шарттары бар.
Көктемгі егіс және дала жұмыстарына 2160 тонна дизель отыны қажет. Жеңілдетілген дизель отынын жеткізуші операторы болып «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС белгіленді. Дала жұмыстарын атқаратын 151 трактор, 85 соқа, 40 тұқым сепкіш, 45 автомашина және 139 трактор тіркемесі бар.
Алдағы жылдары аудандағы Ақтөбе ауылында жылдық қуаттылығы 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын салу жоспарланып отыр. «Дөйт» ШҚ құны 210 млн теңге тұратын, қуаттылығы сағатына 5 тонна болатын оңтүстіккореялық күріш өңдеу зауытының құрылысын аяқтады. Технологиялық қон¬дырғылар әкелініп, орнатылған соң, зауыт іске қосылады. Оған қосымша құны 80 млн теңге, сыйымдылығы 10 000 тонна астық сақтайтын қойма құрылысын салып, пайдалануға берді.
Өткен жылы «Дөйт» ШҚ ирандық «Тором» күріш сор¬тын тәжірибелік негізде екті. Ал биыл 500 гектар жерге осы сортты орналастырып, өнімін Иранға экспортқа шығаруды жоспарлауда. Сонымен қатар «Тұрмағамбет» ЖШС майлы дақылдардың көлемін 2000 гектарға дейін ұлғайтып, май өндіріп, сыртқа нарыққа шығаруды межелеген.
М.МЕРЕЙ.
Қармақшы ауданы.