Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ҚР Президенті Жолдауының орындалуы туралы мәжіліс өтті.
Мәжілісті ашқан облыс басшысы бұған дейін Қазақстан екі бірдей жаңғырту нәтижесінде зор жетістіктерге жеткенін атап өтті. Ал Мемлекет басшысы бұл жетістіктерді әрі қарай дамыту үшін 2017 жылдың 31 қаңтарында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жариялады. Қырымбек Елеуұлы аталған Жолдаудағы бес басымдыққа тоқталып, үстіміздегі жылдың 3 ақпанында Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жолдаудың нақты іс-шараларын айқындап бер¬генін, сондай-ақ 13 наурызда қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғанын еске салып өтті. «Бұл шаралар еліміздің дамуына түбегейлі әсер ететін болады. Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің ұсынысы бойынша аймақтарда Жолдау міндеттерінің орындалуы барысы талқыланып отыратын болады» деді аймақ басшысы.
Мұнан соң мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова ҚР Президенті Жолдауының жүзеге асырылу барысы жайлы хабарлама жасады. Қазақстанның үшінші жаңғыртуы жөніндегі 67 тармақтан тұратын жалпы¬ұлттық іс-шара бекітілді. Осыған сәйкес, облыста 24 тармақтан тұратын өңірлік іс-шара қабылданды. Басқарма басшысы ондағы 12 тармақ бойынша іс-шаралар ағымдағы жылдың өзінде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Облыс әкімінің 2017 жылға арналған іс-шара жоспары тоғыз негізгі басымдықтан тұратынын айтқан С.Құлымбетова жылдың алғашқы екі айында облыстың макро¬экономикалық көрсеткіштері бойынша оң теңденция сақталып отырғанына назар аударды. Өнеркәсіп орындарында 114 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсіпорындарында өсу бай¬қалуда. Екі ай ішінде облыс экономикасына 14,9 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. Сондай-ақ 2 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жалпы көлемі 4,5 млрд теңгені құрайтын ауылшаруашылық өнімдері өндірілді. Экономика салаларында 1262 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Облыс әкімі осы ретте барлық басқарма мен әкімдік Жолдау міндеттерін сапалы және уақытылы орындалуына аса мән беріп және оның жүзеге асыру барысы жайлы ай сайын есеп беріп отыруы тиіс екенін атап өтті.
Мәжілісте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бас-шысының орынбасары Әлия Жақыпбаева аймақта мемлекеттік жеке-әріптестік аясындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы жайын баяндады. Облыста бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 284 балабақша жұмыс істеуде. Сондай-ақ аймақта жалпы құны 22 млрд теңгені құрайтын 15 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның алтауы денсаулық сақтау, төртеуі мәдениет пен өнер және спорт салаларына қатысты. Сол секілді, автокөлік, энергетика салалары бойынша жобалар бар.
Облыс әкімі мемлекеттік жеке-әріптестікке айрықша мән беріп отыр¬ғанын, сол себепті бұл бағыттағы жұмыс¬тарға аса жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Мәжілісте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы «2017 жылға арналған Қызылорда облысында кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыңғай жол картасының» жүзеге асырылу барысы жайлы хабарлама жасады. Ол кәсіпкерлікті дамыту картасында белгіленген міндеттер бойынша бірқатар аудан активтерінде арнайы талқылаулар болғанын баяндады.
Облыс әкімі міндетті әлеуметтік меди¬циналық сақтандыру жүйесі енгізілер кезеңде өздерін жұмыспен қамтыған адамдардың және кәсіпкерлердің есепке алынуы аса маңызды шара екенін атап өтті. Осыған байланысты әрбір ауылдық округтің әкімі жаңадан кәсібін бастаған тұрғындардың тиісті мемлекеттік органдарға дер кезінде тіркелуін басты назарда ұстауы тиіс.
Мәжілісте облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов өздері басқаратын салалар бойынша Жолдау міндеттерінің орындалу барысы жайлы айтты. Р.Сұл¬тангереев бұрынғы бекітілген жобалардан бөлек жаңа жобалар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізсе, Б.Жаханов облыста экспортқа шығарылатын өнімдер үлесін арттыру бағытында жасалып жат¬қан жұмыстар жайын жеткізді.
Облыс басшысы өндіріс ¬саласында бәсекеге қабілетті өндірістерді ашу, сон-дай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін өң¬деу, кооперативтер құру мәселесі үнемі күн тәртібінде болатынына назар аударды.
Мәжілісте облыстық ішкі ¬сая¬сат бас¬қармасының ¬басшысы ¬Айдын ¬Қай¬руллаев Елбасы ¬Жолдауын ақпараттық-насихат¬тық талдау жұмыс¬тары туралы, Ситуа-циялық орталық басшысы Индира Ақ¬жігітова цифрлық технологияны дамыту жөнінде, облыс әкімінің кеңесшісі Индира Ким «Жобаларды басқару кеңсесі» туралы хабарлама жасады.
Осы орайда Қырымбек Елеуұлы рес¬публикада ситуациялық орталықты алғаш болып енгізсек те, оның мүмкіндігін толық пайдаланбай жатқанымызға қын¬-жылыс білдірді. Енді бұл ¬салада алдағы тұрған міндет – ¬«Жобаларды басқару кеңсесін» құру. Мұндай кеңсені құру жаңа жобаларды жүзеге асыруда өз тиімділігін берері анық. Ол үшін бұл салада жетістікке қол жеткізіп отырған Ресейдің Белгород облысының тәжірибелерінен үйренеріміз көп. Облыс әкімі осы бағыттағы жұмыс¬тарды жүргізуге жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ.