Биыл облыс көлемінде иммунизация апталығы 24 сәуір мен 30 сәуір аралығында жүргізіледі. Бұл акцияның мақсаты – халықтың иммунизация мәселесі бойынша сауаттылық деңгейін жоғарылату, ата-аналар, діни консерваторлары арасында иммунизациялануды міндеттеу, осы жолмен адам денсаулығын сақтау. Қазіргі таңда елімізге сырттан Үндістан, Пәкістан, Ауғанстаннан келгендер жабайы полиомиелит, қызылшаны, пандемия тұмауын және басқа инфекциялық ауруларды Қазақстанға әкелу қаупін туғызады. Осыған орай, эпидемияға тұрақты жағдайды қалыптастыру үшін республикада бірнеше рет балалар мен жасөспірімдерді қызылша, қызамық, полиомиелитке қарсы қосымша вакцинациялау жүргізілуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
1 010
0
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
680
0
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
4 238
0
12-15 сәуір аралығында Әзербайжан Республикасында Қызылорда облысының мәдениеті мен өнері күндері өтті. Бауырлас қос елдің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығына арналған шарада жерлестеріміз Баку мен Шеки жұртшылығын қазақтың халық әндерімен сусындатып, сахналық қойы¬лымдарын көрермен назарына ұсынды. Делегация құрамында болған Кеулімжай Шалтақбайұлы бұл өнерпаздардың өзара шығармашылық тәжірибе алмасуы үшін таптырмас мүмкіндік екенін айтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
1 347
0
Жаназар Досқанаұлы бұрынғы Ақмешіт уезі, Шиелі болысына қарасты Сұлутөбе атырабында 1818 жылы шаруаның отбасында дүниеге келген. ХІХ ғасырдың басында Сыр өңіріне билік-өктемдігін жүргізген қоқандықтар мен батыстағы Ресейдің отаршылдық сая¬саты және жаугершілікке тән ішкі ба¬рымташылардың озбырлық әрекеттері үдеп тұрған кезде Жаназар Досқанаұлы ерте есейіп, бүкіл саналы өмірін күн-түн демей күрес жолында өткізеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
3 633
0
Мемлекеттің құнды қазынасы адам десек, адамның басты байлығы оның денсаулығы екені белгілі. Елімізде жыл сайын тұрғындардың саулығын сақтау, ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында түрлі бағдарламалар қабылданып, ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Себебі, дені сау адам ғана мемлекеттің шын мәнінде баға жетпес байлығы болып саналмақ. Еліміздің денсаулық сақтау саласына жаңадан енгізілгелі отырған міндетті медициналық сақтандырудың да өз мақсаты, көздеген межесі бар. Осы орайда жаңа жүйенің маңызы қандай, оның тиімділігі неде деген сұрақпен №2 қалалық емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Венера Садмановамен сұқбаттасқан едік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
1 235
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжілісі өтіп, онда аймақтағы ветеринариялық іс-шаралардың орындалу, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасын ұйымдастыру, агроөнеркәсіп нысандарын субсидиялаудың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 сәуір 2017 г.
533
0
«Қарттарым аман-сау жүрші». Әжімді жүздерінен мейірім лебі ескен қариялармен жолыққанда жайсаң жандар ойыңа оралады. Өмірдің небір өткелегін бастарынан кешірген абыздар отбасының, қабырғалы қауымының тілекшісі, қорған-панасы екені анық. Әрі олар ортасына тек ұзақ жасағандығымен ғана емес ғибратты ғұмырымен де қадірменді. Ақтан батыр ауылының ең қарт тұрғыны, жерлестері ізетпен Асия әже атаған Васига Саттарқызы дәл осындай жан.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 сәуір 2017 г.
611
0
«Қайырымдылық – қайырлы іс» дейді халқымыз. Бұл даналық сөз қиналған жанға көмек қолын созып, игілікті іске біркісідей атсалысу қажеттігін білдіреді. Өйткені, қамқорлық қашанда сауапты іс саналады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 сәуір 2017 г.
606
0
Сәуір айында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Бақыт Жаханов бастаған өңіріміздің ірі шаруа қожалықтарының басшылары мен өкілдерінен құралған Қызылорда облысының делегациясы Иран Ислам Республикасының Гүлістан және Мазандаран провинцияларына жұмыс сапарымен барып қайтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ауылшаруашылық басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 сәуір 2017 г.
1 181
0