Биыл облыс көлемінде иммунизация апталығы 24 сәуір мен 30 сәуір аралығында жүргізіледі. Бұл акцияның мақсаты – халықтың иммунизация мәселесі бойынша сауаттылық деңгейін жоғарылату, ата-аналар, діни консерваторлары арасында иммунизациялануды міндеттеу, осы жолмен адам денсаулығын сақтау. Қазіргі таңда елімізге сырттан Үндістан, Пәкістан, Ауғанстаннан келгендер жабайы полиомиелит, қызылшаны, пандемия тұмауын және басқа инфекциялық ауруларды Қазақстанға әкелу қаупін туғызады. Осыған орай, эпидемияға тұрақты жағдайды қалыптастыру үшін республикада бірнеше рет балалар мен жасөспірімдерді қызылша, қызамық, полиомиелитке қарсы қосымша вакцинациялау жүргізілуде.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы А. Ыдырысова БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.
-Аталған жұқпаларға қарсы алдын ала егулер баланың дүниеге келген уақытынан бастап ересектердің 56 жасқа дейін жүргізіледі. Иммундау шаралары арнайы егу бөлмесінде жыл сайын оқытылған және егуге рұқсаты бар аяжандар жұмыс жасайды,-деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Г. Оспанова
А, Ыдырысова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:
-Жалпы облыс бойынша 225 емдеу сауықтыру мекемелерінің 183-де егу бөлмесі қызмет атқарады. Егу бөлмесі бұйрық талаптарына сай толық жабдықталған, тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген. Шалғай елді мекендерде тұратын тұрғындарды профилактикалық екпелермен қамтуға 38 жылжымалы егу бригадасы дайындалған. Биыл бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 1 млн 600 мың, ал облыстық бюджеттен 98 млн теңге бөлініп отыр. Жұқпалы ауруларға қарсы жүргізіліп жатқан алдын ала егу жұмыстарының арқасында қол жеткізілген нәтижелеріне қарап жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең тиімді жолдарының бірі вакцинация деп сендіріп, еліміздің сау азаматы болып өсуіне ат салысуға шақырамыз.