ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ«Қайырымдылық – қайырлы іс» дейді халқымыз. Бұл даналық сөз қиналған жанға көмек қолын созып, игілікті іске біркісідей атсалысу қажеттігін білдіреді. Өйткені, қамқорлық қашанда сауапты іс саналады.
Биыл Ақтөбе облысының бірқатар аудандары су тасқынына ұшырағаны белгілі. Бірнеше үйлерді су басып, тұрғындар қолайсыз жағдайға тап болды. Соған сәйкес, бүгін Сыр жұртшылығы тарапынан Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жөнелтілді. Облыс орталығынан шыққан қайырымдылық керуеніне Сырдария ауданының жұртшылығы да өз үлестерін қосты. Аудан әкімдігінің үйлестіруімен үлкен жүк көлігіне 1,5 тоннадан ұн мен күріш тиеліп, көршілес облысқа аттандырылды. Гуманитарлық керуенге «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының аудан аумағындағы тұсынан қосылған сырдариялық жүк көлігінде «Мойымай ешбір асқақтап шықсын өз үнің, Қабыл ал, жұртым, Сырдың аппақ көңілін» деген жазу жазылған. Бұл қайырымдылық көмек бірлігі бекем аудан халқының берекелі іске бейім екенін білдіреді.
 
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 сәуір 2017 г. 606 0