Бұған дейін хабарланғандай, «Шардарадан» жіберілер мол су дарияны тасытуы мүмкін екендігі болжануда. Сәрсенбінің кешінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төтенше жағдайлар штабының жедел мәжілісін өткізіп, тиісті тапсырмалар берген болатын. Бүгінде дария деңгейі бақылауға алынып, өзен бойындағы осал тұстар нығайтылып, қауіпті аймақтардағы қорғаныс бөгеттері қымталып жатыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2017 г.
661
0
«Шардара» су қоймасынан Сырдария өзеніне мол судың келуіне байланысты Сырдария өзенінде су көлемінің көбеюі уақытында кейбір аумақтарда су алу қаупі төнуі мүмкін. Егер сіздің тұрғын үйіңіз орналасқан аумақты су басу қауіпі бар екендігі анықталған жағдайда дереу жергілікті әкімшілікке немесе төтенше жағдайлар мекемесіне хабарласу қажет. Сіз тұратын тұрғын аудан су қаупі бар аймақ саналатын болса, алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізген жөн.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2017 г.
861
0
Мемлекет басшысы ұлтаралық келісімді сақтау және оны нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құрып, этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін түбегейлі қалып¬тастырды. Бүгінгі таңда этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан, барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт – Ассамблеяның орны биіктеп келеді. Тіпті Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге елдерге үлгі көрсете отырып, бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін танытты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2017 г.
527
0
Облыс әкімі, саяси ғылымдар докторы Қырымбек Көшербаев «Достық үйінде» «Тәуелсіз Қазақстан этносаясатының қалыптасуы» тақырыбында лекция оқыды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2017 г.
910
0
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қадірменді қызылордалықтар! Биылғы көктемдегі су тасқыны салдары Ақтөбе қаласының тұрғындарына да біраз қиындықтар тудырғаны еліміздің күллі жұртшылығын алаңдатқанын жақсы білеміз. Жергілікті билік сол күндерде тұрғынжайларын су басып кеткен, баспаналары тұруға жарамсыз болып қалған отбасыларымен бірге болып, олардың бастарына түскен ауырлықтарды бірге көтерісті, мүмкіндігінше жағдайларын жасады. Бірде-бір адам назардан тыс қалған жоқ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2017 г.
554
0
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2017 г.
520
0
Биылғы көктем судың молдығымен, жоғары жақта жауын-шашын көптігімен ерекшеленіп тұр. Су қоймалары толған. Облыс басшылығы осы саладағы ат үстінде жүрген азаматтарды, ардагерлерді жинап, әр жағдайды бүге-шігесіне дейін есептеді. Мұндайда оңтүстік екі аудандағы каналдарға суды бөліп беріп, «Қызылорда су торабынан» секундына 900-950 текше метр суды төмен жіберу керек. Одан артып кетсе, Сырдария, Жалағаш аудандарындағы қорғаныс бөгеттері шыдас бермейді. Алдағы күндері су көлемі секундына 2000 текше метрге көтеріледі деген мәлімет бар. Оңтүстікте «Сумағар», «Келінтөбе», «Тайпақкөл», «Жаңа Шиелі» каналдары, «Күміскеткен», «Тарша» ойпаттары бар. Осыларға қанша су жіберуді, арнадағы судың жоғалуын, яғни судың сіңуін, аспанға ұшуын, жайылуын есептей келіп, алаңдауға негіз жоқ екеніне көзіміз жетті. Су жайылатын жер Шиелі ауданында көп. Бір айтарым, мол су – береке, жер жаңарады, соры шайылады, көгі қалыңдайды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2017 г.
566
0
Бұған дейін хабарланғандай, Шардарадан жіберілер мол су дарияны тасытуы мүмкін екендігі болжануда. Сәрсенбінің кешінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төтенше жағдайлар штабының жедел мәжілісін өткізіп, тиісті тапсырмалар берген болатын. Бүгінде дария деңгейі бақылауға алынып, өзен бойындағы осал тұстар нығайтылып, қауіпті аймақтардағы қорғаныс бөгеттері қымталып жатыр. Мәліметтерге сәйкес, 30 сәуір күні Шардара су қоймасынан төменге секундына 1600-ден астам текше метр су жіберіледі. Мамыр айының алғашқы он күндігінде бұл көрсеткіш 1800-2000-ға дейін жетуі ықтимал. Осынша мол суды шығынсыз өткізу үшін аймақ басшысы жұмысты жұмыла атқаруымыз қажеттігін тапсырды. Ия, тасқынға тосқауыл қою үшін тас-түйін дайындық жасау керек. Алдын-ала есептеулер бойынша су 375 мың халық тұратын 56 елдімекенге қауіп төндіруі ықтимал. Ауыл шаруашылық жерлері мен малшылар қоныстарына да өз зардабын тигізбей қоймайтыны анық. Аймақ басшысы штаб отырысында аудан әкімдері мен жауапты мекемелерге барлық көмектің жасалатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, мол суды көлдер мен каналдарға, жайылымдық-шабындық жерлерге жіберуде тиянақтылық қажеттігіне баса назар аударды. Әрине, мал-жанның амандығы үшін бар мүмкіндік іске қосылуы тиіс. Ел болып, бірлесе әрекет етсек, бұл қиындықты да еңсеретініміз сөзсіз. Кеше аймақтағы бір топ БАҚ өкілдері Сырдария, Жалағаш аудандарындағы қолға алынған жұмыстармен танысып қайтқан еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 сәуір 2017 г.
696
0
Бүгінде Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегіші тола, енді артық суды қабылдауға мүмкіндігі шамалы. Сәрсенбіде аймақ басшысы осы мәселеге байланысты шұғыл жиын өткізді. Аудан әкімдері мен басқарма басшыларына қатаң тапсырмалар берді. Осы дүмпудің әсері ауыл-ауылдарды да шарлап, жергілікті жұрт етек-жеңін жинай бастаған секілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 сәуір 2017 г.
660
0
Шардара мен Көксарай су қоймаларының суға толуы, жауын-шашынның көбеюі сырбойылықтар үшін қауіпті болып тұр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тиісті сала өкілдері мәлімдеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 сәуір 2017 г.
1 580
0