СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

«Шардара» су қоймасынан Сырдария өзеніне мол судың келуіне байланысты Сырдария өзенінде су көлемінің көбеюі уақытында кейбір аумақтарда су алу қаупі төнуі мүмкін.  Егер сіздің тұрғын үйіңіз орналасқан аумақты су басу қауіпі бар екендігі анықталған жағдайда дереу жергілікті әкімшілікке немесе төтенше жағдайлар мекемесіне хабарласу қажет. Сіз тұратын тұрғын аудан су қаупі бар аймақ саналатын болса, алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізген жөн.

СУ ТАСҚЫНЫНА ДЕЙІН

– азық-түлік, су, қажетті заттардың, дәрі-дәрмектердің және құтқару құралдарының қорын алдын ала қарастырыңыз;
– құжаттарды дайындаңыз, егерде жас балаларыңыз болса, оларға аты-жөні, туылған жылы және мекен-жайы көрсетілген бирка жасаңыз;
– өздеріңізге жақын орналасқан қауіпті орынды және оған жететін қысқаша жолды белгілеңіз;
– хабарландыру дабылдарына, гидрометео мәліметтеріне назар аударыңыз;
– жергілікті атқарушы органдарынан көшіру-жиналу пунктінің мекен-жайын анықтап алыңыз.

Қызылорда облыстық төтенше
жағдайлар департаменті.

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ЖАДЫНАМА
СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Егер сіздің үйіңіз су басатын аймаққа жатады деп хабарланса:
1. газ, су, электр жүйесін өшіру керек;
2. пештегі отты сөндіру қажет;
3. жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына бағалы заттар мен бұйымдарды шығару керек;
4. есік, терезелерді жауып, төменгі қабаттағы үйлердің есік, терезелерін ағашпен қағып тастау қажет.

ЕГЕР ҚОНЫС АУДАРУ ЖАЙЛЫ
ХАБАР АЛСАҢЫЗ:
1. жылы, ыңғайлы киім, етік, көрпе, ақша және бағалы заттарды дайындап қойыңыз;
2. үш күндік тамақ дайындаңыз;
3. алғашқы медициналық көмекке қажетті, өзіңіз қолданатын дәрі-дәрмектерді дайындау;
4. жеке куәліктер мен қажетті құжаттарды су өтпейтін қалтаға салу керек;
5. төсек орын және жеке өзіңізге қажетті заттарды өзіңізбен бірге алу керек.
Барлық заттарыңыз бен тамақты рюкзакқа, чемоданға немесе үлкен сөмкеге салған дұрыс. Қауіпті аумақтан қайда, қалай (көлікпен, жаяу) бару керектігі хабарланады. Соңғы қоныс аудару пунктіне міндетті түрде тіркелу қажет.
СУ КЕНЕТТЕН ҚАТТЫ КӨТЕРІЛГЕНДЕ
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Біріншіден – үйді қорғап қалу шараларын жасап, қоныс аударуға дайындалу керек.
Екіншіден – неғұрлым тезірек биік жерге орналасу керек. Қоныс аударуға қажетті заттарды дайындап қойған абзал.
Қайықтан басқа жүзуге жарайтын бөшке, бөрене ағашы, есіктер, автокөлік камералары, т.с.с. заттарды дайындау керек.
Көмек келгенше немесе су тасқыны басталғанша жоғарғы қабатта, шатырда, ағаш басында болған дұрыс. Құтқарушылар тобы тезірек табу үшін күндіз жоғары жерге немесе ашық түсті мата байлап қою керек, түнде – жарық беріп тұрған абзал.
Құтқарушылар келіп жеткенде қайыққа, катерге біртіндеп өтіп орналасу керек. Су үстінде орын ауыстыруға, жүруге, бортқа отыруға болмайды.
Су басқан ауданнан өздігінен тек басқа амал болмаған жағдайда немесе біреуге медициналық (дәрігерлік) көмек керек болған жағдайда, су қатты көтеріліп немесе құтқарушылар келмейтініне көз жеткенде ғана өтуге болады.

ӘРДАЙЫМ МЫНАНЫ ҰМЫТПАУ КЕРЕК:
Суға түскен тағамды жеуге болмайды, су басқан құдықтың суы тазармайынша ішуге болмайды. Өлген жануарлар жайлы жергілікті басшыларға хабарлау керек.
Ауыз суды, су болған тағамдарды санитарлық қызмет орындары тексергеннен кейін ғана қолданған дұрыс.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2017 г. 862 0