Бүгінгі күні «Шардара» су қоймасындағы су көлемі 4879 млн текше метр. 2016 жылы 4900 млн текше метр, яғни, былтырғымен салыстырғанда 21 млн текше метрге кем. Қоймаға түсіп жатқан су көлемі секундына 1605 текше метр, (2016 жылы секундына 310 текше метр) былтырғымен салыстырғанда секундына 1295 текше метр артық. Ал төменге тасталып жатқан су көлемі секундына 1400 текше метр. 2016 жылы секундына 100 текше метр ғана тасталып тұрған болатын. Демек,биыл былтырғымен салыстырғанда секундына 1300 текше метр артық жіберілуде.
2016 жылы Арнасай ойпаты жабық болса, бүгінде тасталып жатқан су көлемі секундына 250 текше метр. «Көксарай» су реттегішіндегі су көлемі 2883,72 млн текше метр, (2016 жылы 2195,71 млн текше метр), былтырғымен салыстырғанда 688,01 млн текше метрге артық. Арыс өзенімен Сырдария өзеніне түсіп жатқан су көлемі секундына 203 текше метр (2016 жылы секундына 61 текше метр).
«Қызылорда су торабының» төменгі ағысына жіберілген су көлемі секундына 600 текше метр ( 2016 жылы секундына 88 текше метр), былтырғымен салыстырғанда секундына 512 текше метр артық.
«Қызылорда су торабына» дейін алынып жатқан су көлемі секундына 403,2 текше метр (2016 жылы секундына 200 текше метр), былтырғымен салыстырғанда секундына 203,2 текше метр артық.
«Әйтек» су торабының төменгі ағысына жіберілген су көлемі секундына 451 текше метр ( 2016 жылы секундына 15 текше метр), былтырғымен салыстырғанда секундына 436 текше метр артық. Қараөзек арнасымен жіберіліп жатқан су көлемі секундына 130 текше метр (2016 жылы секундына 58 текше метр).
«Қазалы» су торабының төменгі ағысына жіберілген су көлемі секундына 514 текше метр ( 2016 жылы секундына 103 текше метр), былтырғымен салыстырғанда секундына 411 текше метр артық. Қазалы су торабына дейін алынып жатқан су көлемі секундына 78,99 текше метр ( 2016 жылы секундына 27,23 текше метр), былтырғымен салыстырғанда секундына 51,76 текше метр артық.
«Шардара» су қоймасына мол судың келуінен, өзеннің төменгі ағысына секундына 1400 текше метр су жіберілуде. Сырдария өзенімен келіп жатқан мол суды қауіпсіз өткізу шаралары жасалып, мол су шабындыққа, көлдер жүйелеріне, экологиялық жағдайды жақсартуға жіберілуде. Қазіргі таңда, Қызылорда облысына («Көктөбе» су бекетінен) Сырдария өзенімен секундына 1400, 1600 және 1800 текше метр су келген жағдайда мол суды апатсыз өткізу мақсатында каналдардың су алу кестесі жасалып, бұл іс-шаралардың барлығы Қызылорда облысы әкімінің орынбасарымен бекітілді. Мол суды қауіпсіз өткізу іс-шараларын қарастыру жөнінде барлық аудан әкімдеріне ескертілді.
Әділхан ҚАРЛЫХАНОВ,
«Арал-Сырдария» бассейндік су
шаруашылығы инспекциясының басшысы.