Қызылордадағы «РМЗ-Шапағат» ЖШС-ның үй құрылысы комбинаты биыл қаңтар-ақпан айларында құны 167,8 млн теңге болатын 1,9 мың текше метр темір бетон бұйымын шығарды. Ал наурызда тапсырыстың жоқтығынан жұмысын тоқтатты. Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қуанышбек Ысқақов индустриалды даму мәселелеріне арналған партиялық тыңдауда комбинаттың тамырына қан жүгірту маңызды екенін айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 қараша 2019 г.
535
0
«Евразия» спорт кешеніндегі дүбірлі доданың соңғы күнінде әйелдер арасындағы белдесу өтті. Ел чемпионатына Қазақстанның барлық өңірінен 500-ге жуық палуан қатысқанын айтқан едік. Әйелдер бәсекесінде 84 палуан бағын сынады. Бұрымдылардың жекпе-жегі де ерлердікінен бір мысқал кем емес. Мұнда да қарсыластың қолын «байлап», алып жыққан мықтылар көп болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 қараша 2019 г.
461
0
«Жастар жылында» өңірде қандай шаралар атқарылды? Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен өткен жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында осы мәселе қаралды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 қараша 2019 г.
356
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында тұрғындардың денсаулығын жақсарту мәселесіне айрықша назар аударылды. Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды. Әсіресе, ана мен сәби өлім-жітімін төмендету мақсатында нақты міндеттер жүктегені белгілі. Расында ұлт болашағы дені сау ұрпақпен байланысты. Олай болса, келешегіміз саналатын сол жеткіншектерге көңіл бөліп, қамқорлық көрсету басты міндет. Бұл орайда елімізде, оның ішінде Сыр өңірінде де ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде облыс орталығында балалар саулығын сақтауға қызмет ететін медициналық мекемелер баршылық. Солардың бірі – облыстық балалар ауруханасы. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма қадалсын» дейтін әрбір ата-ана үшін бауыр еті – баласының аман-есен ер жетіп, азамат болғанынан артық бақыт жоқ. Алайда, өмір болған соң небір жағдайлар кезігіп жатады. Әсіресе, баласы ауру азабын арқаласа, ет-жүрегі езілетін ата-ана жай-күйі бәрімізге белгілі. Осындайда бірінші Алладан, екінші ақ желеңділерден жәрдем тілейміз. Облыстық балалар ауруханасын қаншама сырқат жеткіншектердің жанына сая, дертіне шипа дарытып, талай сәбиді ажал аузынан алып қалған құт мекен дерсіз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 қараша 2019 г.
662
0
Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде 2019 жылдың 29 қарашасы күні сағат 10.00-де тағдырлы ақын Әділ Ботпановтың 50 жасқа толуына орай және ақын шығармашылығын насихаттауға арналған жыр кеші өтеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қараша 2019 г.
1 315
0
Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ҚР Ұлттық Банкінің облыстық филиалына барып, банк филиалдарының басшыларымен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қараша 2019 г.
571
0
Биыл «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газетіне – 90 жыл. Ғасырға жуық халықтың айнасына айналған қос басылым бүгінде өз биігінде. Мерейтой қарсаңында аға басылым өкілдері Қармақшы ауданына іс-сапармен келді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қараша 2019 г.
591
0
Қазақ күресінен ерлер жəне əйелдер арасында ҚР чемпионатының соңғы күнгі нəтижесі төмендегідей:
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қараша 2019 г.
440
0
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қуаныш Ысқақовтың төрағалығымен «Индустриалды даму» бағытында партиялық тыңдау өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2019 г.
613
0
Кеше Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округі табиғи газға қосылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2019 г.
375
0