Қос басылым басшылары Қармақшыда

 Биыл «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газетіне – 90 жыл. Ғасырға жуық халықтың айнасына айналған қос басылым бүгінде өз биігінде. Мерейтой қарсаңында аға басылым өкілдері Қармақшы ауданына іс-сапармен келді.
Шығармашылық топ алдымен аудан әкімі Мұса Қалдарбековпен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылып жатқан жұмысы жа­йында пікір алмасты. Одан соң іс-сапар аудандық COWORKING орталығында оқырмандармен кездесумен жалғасын табуда. Мақсат - әріптестік байланыс орнату. Шығармашылық басқосу Айгерім Ешбаеваның "Қармақшым менің" жырымен шымылдығын ашты. Жиында «Сыр бойы», «Кызылор­динские вести» газеттерінің бас ре­дакторлары  Қуат Шарабидинов пен Қазыбек Ботаев газеттің бүгінгі тыныс-тіршілігін сөз етті. Сонымен қатар оқырман­мен шығармашылық байланыс орна­туға әркез дайын екенін жеткізді. Жүздесуде еркін пікір алмасып, дәйекті ойлар ортаға салынуда.



НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2019 г. 591 0