«Сыншы – қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпымемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғам¬дық ой-пікірдің озғын өкілі» (З.Қабдолов. «Сөз өнері». Алматы-«Өлке», 2014). Сөз өнері мұраларының ұрпақтар¬ға танылған таңдаулы сипатта сұрыпталуында, шеберлікпен жазылуында әдебиет сыншыларының қызметі айрықша маңыздылығымен ерекшеленеді. Біз қазақ әдебиетінің ежелгі тарихындағы Әбунәсір әл-Фарабиден сабақтанып, бүгінгі күн¬дерге дейін жеткен көркем әдебиет сыншылдығының шығармашылық дәстүрлі жолы бар екендігін айта аламыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
1 092
0
19 мамырда Қызылорда облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы, «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері», «Ауыр атлетика және дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», дзюдодан Халықаралық дәрежедегі төреші атақтары мен «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Садық Мұстафаевты әріптестері жаңа қызметіне шығарып салды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
1 170
0
Ертеден жылқы малын ерекше қастерлеген халқымыз тәуелсіздік алған жылдардан бері ұлттық өнерге, ат спортына қайта ден қойып келеді. Ылдидан салсаң төрге озған небір алмауыт жүйріктерді баптаған атбегілер аламанда қиқуға қиқу қостырып, қандастарымыздың мерейін тасытқандай. Бұл өзі қанда бар қасиет болса керек. Оның үстіне жеті қазынаның бірі саналатын сұлу жылқыға әсем ат әбзелдерін жасантып, ерттеп мінген қандай?! Сондықтан да ұлттық өнердің сілемін үзілдірмей, қайта жаңғыртқан қолы алтын шеберлерге құрмет бөлекше.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
669
0
Бүгінде біз шетелде қандай жаңалық шықса, соны өзімізге жапсыра қоймаққа құмармыз. Соның салдарынан тым еуропаланып, жасанды сұлулыққа жаппай көшіп жатқан жайымыз бар. Мәселен, қыздарымыздың шашы әуел баста қара түсті болатын. Одан сарғайып, кейін қызарды. «Шымкент шоудағы» Берік Тұрсынбеков айтпақшы, «шашымыз духовкаға салғандай» сары-ала. Сұр түсі де сәнде болды. Осылайша, заман талабына қарай шаш бір қарайып, бір сарғайып жатыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
752
0
Облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық етті. 2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында Президент: «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс. Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады», – деді. Сөйтіп, мемлекеттік органдарға ауқымды міндет жүктеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытында облыста жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. 2013-2017 жылдар аралығында ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сала қызметкерлерінің заманауи қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 6,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Учаскелік полиция инспекторларын орталық және қажетті бекеттермен қамтамасыз етуге 277 млн теңге жұмсалды. Биыл ішкі істер және прокуратура органдарының бірлескен жобасы аясында Қызылорда қаласында 14 стационарлы жылжымалы полиция пунктін орнатуға бюджеттен 128 млн теңге қаралды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
532
0
«Сыр медиа» ЖШС жанындағы Байқаушы кеңес мүшелерінің келісімі негізінде, серіктестік бас директорының бұйрығымен журналист Нағымжан Сауяев Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық «Сыр бойы» газетінде аға тілші қызметін атқарған болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
698
0
«Достық үйінде» Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар және рухани жаңғыру» тақырыбында форум өтті. Оған жазушы-этнограф, отбасылық құндылықтарды, дәстүрлі дін мен ұлттық салт-дәстүрді насихаттаушы, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
779
0
"Артық болмас білгенің» деп жатамыз. Бұл – өмірдің өзі туын-датқан қағида. Оған қоса, бүгінгідей ілім-білім бірінші кезекте тұрған ғасырда іздену мен үйренудің маңызы арта түспекші. Әрі мұндай қадамның барша салаға қатысты екені тағы рас. Әсіресе, оң жамбасына келген кәсібін өрге сүйреп, шаруасын дөңгелентіп отырған іскер қауымға біліктілік деңгейінің жоғары болғаны бек жарасымды. Қызылорда облысының Кәсіпкерлер Палатасы Қазалы ауданындағы филиал директоры Ермек Жұмажанұлы Аймахановпен жасаған сұхбатымыз осы бағытта өрбіген еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
900
0
Қазақта қасиет дарыған сөз көп. «Өлемін деп құлшылық қыл, өлмеймін деп тіршілік қыл» деген ақылдылар. Яғни, біздің асыл дініміз бай болудан, бар болудан шектемейді. Алла берген ризықпен, адал еңбекпен байлығы еселенген талай адамдардың тарихта ізі жатыр. Кешегі өткен ағайынды Мырқы, Мінәйдар, Аппаз аталарымыздан бастап бүгінгі Бауыржан Оспановқа дейінгі Атымтай жомарттардың Алаш жұртына жасаған қайырымдылық істері – адамдықтың алтын қалыбы болып әр жүректің төріне сәуле түсіріп тұр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
1 597
0
18 мамырда ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келіп, аймақтағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады және кәсіпкерлердің аймақтық кеңесінің отырысына қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 мамыр 2017 г.
757
0