ПАРЛАМЕНТ БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ПАРЛАМЕНТ БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төра­ғалығымен өткен Жоғарғы палатаның отырысында сенаторлар «Қазақстандағы кедендік реттеу туралы» кодексті екі оқылымда қарап, құптады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 636 0
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛА БАҒЫТЫМЕН

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛА БАҒЫТЫМЕН

Қалыптасқан Қазақстан және халықаралық аренадағы ел бе­де­­лінің жоғарылығы әлемдік қауым­дас­­тықтағы саяси ақиқат. Бүгінде еліміз дамудың жаңа кезеңіне өтіп отыр. Осы жылдың басында Мемлекет басшысы Жолдауында жаһандық бәсекелік қабілет шарт­тарындағы Қазақстанның үшін­ші жаңғыруын жариялады. Ал Ел­ба­сының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласы осы үшінші жаңғыру кезеңіндегі маңызды тарихи құжат болып табылатындығы анық. Ұлт көшбасшысы жаһандану кезеңіндегі ұлттық мемлекеттің қалыптасу ерек­шеліктерін талдай келе, ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы сақтау мен дамытудың нақты жолдарын және таяу жылдарда атқарылатын міндеттерді ұсынды. Сондықтан, мақала – мемлекетіміздің жаңа даму жолдарын айқындайтын және қазіргі жаһандық құбылыстарда қалып­тас­қан ахуалдағы халық тағдырына ерекше мән беретін іргелі құжат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 1 886 0
ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІСІМ

ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІСІМ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қытай Халық Республикасындағы “Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД” компаниясының бас директоры Лан Лисяомен кездесіп, сол жағалауды игеру жобасын талқылады. Басқосу барысында Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту арқылы жаңа үлгідегі қала салынатыны, қазіргі таңда нақты жұмыстар қолға алынғаны айтылды. Жарқын жобаға қызығушылық танытқан шетелдік компания әріптестік танытуға ынталы екендігін жеткізіп, екіжақты келісімге қол қойды. Ортақ келісім аясында инженерлік инфрақұрылым облыс тарапынан жүзеге асырылмақ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 595 0
СӨЗ ПАТШАСЫНЫҢ СЫРДАҒЫ САЛТАНАТЫ

СӨЗ ПАТШАСЫНЫҢ СЫРДАҒЫ САЛТАНАТЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Парасатты поэзия» атты халықаралық шығарма­шылық кешіне қатысу үшін Сыр еліне келген ақындарды қабылдады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 740 0

ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІКТІ ҰЛЫҚТАЙЫҚ

«Ер есімі – ел есінде» деген. Сонау жеңіс жылдары қашықтаған сайын ондағы ерліктер ұрпақ жадында жаңғыруда. Аты аңызға айналған жауынгер Қошабай Дабыловтың өшпес ерлігі осының жарқын мысалы.Арал қаласындағы мұражайда Отан үшін от кешкендер туралы тарихи деректерді шолып жүргенде 1943 жылдың 15 наурыз күні «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған Дабылов Қошабай туралы мәліметті көріп тәнті болғанмын. Енді, міне, Қошабайдың немере інісі Көшей Жәмешов ақсақалмен кездесіп, боздақтың өмірімен жете таныстым.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 535 0
ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

Тарих қойнауына үңілсек, жеке сот орындаушылар институты ең алғаш рет Францияда енгізілген. Сондай-ақ, Балтық елдерінде, Эстония мен Латвия мемлекеттерінде ертеректе пайда болған. Бүгінде бұл жүйені әлемнің 65 мемлекеті қолданып келеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 1 011 0
ЭНЕРГЕТИКТЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРКЕСІ

ЭНЕРГЕТИКТЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРКЕСІ

Кеше энергетиктер өздерінің төл мерекесін атап өтті. Мерекеге орай облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сала қызметкерлерімен жүздесіп, кәсіби күнімен құттықтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 849 0
Жасыл шырша – жарқын болашақ

Жасыл шырша – жарқын болашақ

Жаңа жыл мерекесін асыға күтетін балалар биыл да тосын сый мен тамаша тартуларға ие болды. Айталық, Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңажылдық шырша мерекесіне облыс бойынша 200 оқушы қатысты. Көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ, оқуда, спортта, шығармашылықта, жалпы қоғамдық өмірде табысқа жеткен озық ойлы балалар шырша мерекесінде көңілдері шалқып, қуанышқа кенелді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 767 0
ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР СЫРДАРИЯНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛМАҚ

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР СЫРДАРИЯНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛМАҚ

Қызылордада облыс әкімдігі мен «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясы арасында Сырдарияның сол жағалауында тұрғын үй салу туралы Меморандумға қол қойылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 500 0
Елбасы кейбір конституциялық заңдарға өзгеріс енгізуге бағытталған құжатқа қол қойды

Елбасы кейбір конституциялық заңдарға өзгеріс енгізуге бағытталған құжатқа қол қойды

Мемлекет басшысы жүргізілген конституциялық реформаны әрі қарай іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 659 0