Сыр өңірінің «Алаштың анасы» атануы тектен-тек емес. Тұран ойпатындағы алып өлкенің түп-тамыры – ұлттық рух пен тарихи танымның бастауы. Сондықтан ғасырлар бойы қаншама ғылыми еңбектерге арқау болса да, туған жердің тылсым сырлары толассыз толыға түсуде. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жыл бойы жүргізілген жүйелі жұмыстар өз жемісін берді. «Сыр бойының сакралды ескерткіштері: мифтер, аңыздар, хикаяттар», «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы және атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуовтің жаңадан табылған қолжазбасы негізінде «Алаштың асыл мұрасы» атты шығармалар жинағы жарыққа шықты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 қаңтар 2020 г.
914
0
...Қиян шеттегі ауыл. Есік алдындағы бес түп жүзімнің жапырағы түсіп, сидаланған. Қоңыр күзде тамырын тереңге тарта бастаған жүзімнің жапырағы түсіп, мезгілі жеткен соң ұйқыға бет алған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қаңтар 2020 г.
1 130
0
Елде 170 мыңнан астам автокөлік шетелдік нөмірмен жүр. Қазіргі уақытта ҚР Ішкі істер министрлігі Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан елдерінен Қазақстанға әкелінген көліктер 10 күн ішінде тіркелуі керегін ескертті. Ал тіркелмесе 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Өткен жылы мұндай нөмірлі көліктердің қатысуымен 90 мыңнан аса заң бұзушылық тіркелген. Көпшілігі жылдамдықты шамадан тыс асырса, тағы кейбірі жол белгілеріне бағынбаған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қаңтар 2020 г.
412
0
Шағын және микробизнестерге тексеруді азайту мақсатында жасалған үш жылдық мораторий жыл басталысымен күшіне енді. Ендігі жерде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлікті тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізе алмайды. Бұл – елімізде шағын кәсіпкерліктің дамуына жол ашуда. Сондай-ақ, бизнесті оңтайлы жүргізуге және бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік беретін болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қаңтар 2020 г.
767
0
Облыс бойынша түрлі деңгейдегі әкімдердің өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп беру жиындары әлі де жалғасуда. Осы кезге дейін әкімдердің бірқатар елді мекенде тұрғындармен кездескені, былтыр атқарылған жұмыстар және ауқымды мәселелердің түйіні тарқағаны туралы хабарлаған болатынбыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қаңтар 2020 г.
488
0
Қызылордалық өнерпаз Дінмұхаммед Төлеубай І халықаралық «Арт-парад» конкурсының гран-при иегері атанды. Беларусь жерінде өткен халықаралық ән байқауында әлем елдерінен бірқатар өнерпаздарынан озық шықты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қаңтар 2020 г.
379
0
Жылдағы дәстүр бойынша түрлі деңгейдегі әкімдер жұртшылық алдында есеп беруді бастады. Халық пен билік арасында алтын көпір болатын осы кездесулерде түрлі түйткілді мәселенің түйіні тарқатылып, шешімі табылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
357
0
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының баспасөз беттерінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы – бүгінгі қазақ қоғамы аса қажетсініп отырған бірқатар маңызды да күрмеулі мәселелерді қозғауымен құнды деп білемін. Биыл қазақтың бас ақынының туғанына 175 жыл толатындығын ойға алсақ, Мемлекет басшысының аталған мақаласы – Ұлы дала тойының беташары іспетті. Президент мақаласында Абай шығармашылығының бағалы жақтарына баса назар аударылып, ондағы қазақ халқына ғана емес, күллі әлем жұртшылығы үшін қымбат жалпыадамзаттық идеяларға арнайы тоқталып, тарихи-әлеуметтік тұрғыдан терең талдау жасалыпты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
423
0
Апта соңында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Қармақшы ауданында болды. Барлық ауылдық округтерді аралап, Төретам кенті мен Ақай елді мекенінің жағдайымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
723
0
Облыс әкімі Қ.Ысқақов мемлекет және қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір мен халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы Сәдуақас Аңсатты қабылдап, мерейтойларымен құттықтады. Әбдіжәлел Қошқарұлының 80 жасқа толғанына орай "Құрмет" грамотасын ал, Сәдуақас Әбдіқадырұлына 75 жасқа толғанына Құттықтау хаты табысталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 қаңтар 2020 г.
780
0