Қызылордалық өнерпаз Славян базарына шақырту алды

 Қызылордалық өнерпаз Дінмұхаммед Төлеубай І халықаралық «Арт-парад» конкурсының гран-при иегері атанды. Беларусь жерінде өткен халықаралық ән байқауында әлем елдерінен бірқатар өнерпаздарынан озық шықты.
Дінмұхамед Қызылорда қаласындағы №11 мектептің 7-сынып оқушысы. Дарынды жас бірнеше байқауларға қатысып, өнер әлеміне қадам басып келеді. Оның академиялық бағыттағы конкурстық әні қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.
Дінмұхаммед Төлеубай гран-при иегері ретінде Витебскте өтетін ХХІХ халықаралық Славян базарына шақырту алды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2020 г. 379 0