Табиғат ежелден адамзат баласы өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді. Бұл жерде әңгіме табиғаттың негізін құрайтын орман жайлы болып отыр. Ата-бабамыз «артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаған. Орманның адам өмірі үшін дем алатын ауасын оттегімен байытуда, күннің аптап ыстығынан, жел, шаң-тозаңнан қорғауда, қоршаған ортаға көрік беріп, эстетикалық жағынан орасан зор пайдасы бар. Сонымен қатар, орманның адам өміріне қажетті топырақты құнарландыруда, оның тұздылығын төмендетуде, құрылыс материалы, отын ретінде, фармацевтикалық дәрілер, жеміс-жидегін алуда, құстар мен аңдардың мекені ретінде, қысқасы, тіршіліктің өзегі саналатын қасиетке ие. Табиғат ежелден адамзат баласы өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді. Бұл жерде әңгіме табиғаттың негізін құрайтын орман жайлы болып отыр. Ата-бабамыз «артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаған. Орманның адам өмірі үшін дем алатын ауасын оттегімен байытуда, күннің аптап ыстығынан, жел, шаң-тозаңнан қорғауда, қоршаған ортаға көрік беріп, эстетикалық жағынан орасан зор пайдасы бар. Сонымен қатар, орманның адам өміріне қажетті топырақты құнарландыруда, оның тұздылығын төмендетуде, құрылыс материалы, отын ретінде, фармацевтикалық дәрілер, жеміс-жидегін алуда, құстар мен аңдардың мекені ретінде, қысқасы, тіршіліктің өзегі саналатын қасиетке ие.