БӘРІ ДЕ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

БӘРІ ДЕ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Көптің арасында «Жолдауды оқыдық, тыңдадық,  несіне айта береміз?» деушілер жеткілікті шығар деп ойлаймын. Ойым дұрыс болмаса,  қуана тұрып, кешірім сұраймын. Бізді қоршап, ойымызды сан жаққа тартып жүрген құбылыс­тардан қазіргі кезде бас айналады. Ал, шашыраңқы ой сізді қозғайтын күшке айнала алмайды. Бірақ сол ойды бірнеше рет қайталап, назарыңызды жинақтауға және оның күшін арттыруға болады. Яғни, әлсіз әрі шашыраңқы ойлар – әлсіз және шашыраңқы күш те, мықты әрі жинақталған ойлар – мықты және жинақталған күш болып саналады. Ойды белгілі бір бағытқа шоғырландыруда пікір алмасудың орны ерекше.  Сондықтан ісімізге, өзімізге қажетті идеяларды үнемі қайталап, ойымызды, ісімізді нақтылап отыруымыз керек. «Бұндай  ой бөлісуден не біле аламын? Не істеуім керек? Үміт артарым неде?» деген сұрақтарға жауап аламыз, өзімізді қозғаймыз, санамызды серпілтеміз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2018 г. 907 0
САРЫАРҚАҒА ГАЗ СЫРДАН БАРАДЫ

САРЫАРҚАҒА ГАЗ СЫРДАН БАРАДЫ

Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры аймаққа оң өзгеріс әкелді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры аймақтағы аудан мен елді мекендерді көгілдір отынмен қамтуға жол ашқаны белгілі. Мемлекет басшысының жасаған тікелей қамқорлығы бұдан басқа жаңа құрылыстарды пайдалануға енгізумен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруды, халықтың әл-ауқаты деңгейін арттыруға ықпал етіп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2018 г. 810 0
ІРГЕЛІ  ІҢКӘРДАРИЯ

ІРГЕЛІ ІҢКӘРДАРИЯ

Сонымен аудан орталығынан таң біліне Іңкәрдарияға жолға шықтық. Аудан орталығы мен халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік жолы арқылы тақтайдай тегіс жолмен қырық минутта жетіппіз. 1965-1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған ауыл тұрғындары нарықтың кезінде бақшалық пен қызылша өсіріп халқының қант-шайын айырумен де айналысыпты. Қазір Сырдың дара дақылы – күріш егуді де қолға алған. Ауылдың жарты ғасырдан астам тарихында өркендеу ізі байқалады. Күн санап көркейіп келеді. Өсер елдің өрісті мәдениетін айғақтағандай соңғы жылдарда клуб үйі, емхана, әкімшілік ғимараты пайдалануға берілген. Ауылға барар жол айнадай тегіс. Ауыз судың өзі кейбір елді мекендегідей сағаттап, белгілі бір уақытпен беру деген атымен жоқ. 24 сағат бойы тоқтаусыз келіп тұр. Әрине, ауыл ажарын айшықтайтын нысандардың жаңаруы елдің экономикалық та, әлеуметтік те дамығандығын көр­сетеді. Сондықтан береке-бірлігі бекем ауыл тұрғындары да абыройлы еңбек етуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2018 г. 844 0
ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ  ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСУДА?

ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСУДА?

Әлемдегі дамыған мемлекеттер тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы миллиондап табыс табады. Мәліметтерге көз жүгіртсек, АҚШ қоқысты қайта өңдеу кәсібін ХІХ ғасырда жолға қойып, бюджетін дәл осы саламен көбейтіп отыр. Істің көзін білетін жапондар да қоқыстың 90 процентін кәдеге жаратады, Германия оны тиімді бизнес көзіне айналдырып үлгірген. Олар істен шыққан тауарды шетелден де қабылдайды, Қытай өнеркәсібі қарапайым пластикалық қоқыс қалдығынан дайындалған киімдерді экспортқа шығарады. Ал елімізде бұл бағыттағы ілгерілеушілік енді ғана байқалып келеді. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2018 г. 848 0
Ескерткіштер «сөйлейді»

Ескерткіштер «сөйлейді»

Цифрлы дәуірдің игілігі аз болмайтынына күн сайын көз жеткізіп келеміз. Адамзат баласы ғылым мен білімді игерудің нәтижесінде «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып», жаңа дәуірдің талап-тілегін тұрмыс-тіршілігіне енгізуде. Соның бір мысалына бүгін куә болдық. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2018 г. 900 0
Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейіне – елу жыл

Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейіне – елу жыл

«Бүгінгі күн ертеңгі – тарих». Қазалы қалалық мәдениет үйіндегі Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің елу жылдық мерейтойына арналған шарадан осындай ой түйгенбіз. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2018 г. 689 0
Халқын сұлу сазбен  тербеткен еді

Халқын сұлу сазбен тербеткен еді

«Жақсының аты өшпейді» деседі. Рас екен. Жуырда өткен қазалылық ақын әрі сазгер марқұм Батырхан Нұрымбетовті еске алуға арналған аудандық әншілер байқауы көп жайтты ұғындырғандай. Сырға толы, таңғы шықтай мөлдіреген әндерімен тыңдарманның көңілін баурап, жүрегін жаулаған Батырханды көпшілікке таныстырудың өзі артық шығар. Көпшілік әлі күнге егіле іздейтін, өмірден ерте кеткен әнші Нәби Аймұратов орындаған «Гүлім, гүлім, гүлімсің» деп басталатын әнді кім білмейді дейсіз? Әп дегеннен тыңдарманын елең еткізген осынау әннің авторы Бәкең болатын. Мұнан өзге де қаншама әндер жазып, халқының көңілінің нақ төрінен орын алған ақпейіл де қарапайым мінезді Батырханның жалған ғұмырдан өткенініне де жыл толыпты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2018 г. 569 0
Айтыстың ақтаңгері Бекұзақ Тәңірбергеновтің рухын ұлықтады

Айтыстың ақтаңгері Бекұзақ Тәңірбергеновтің рухын ұлықтады

Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде айтыскер ақын, жыршы, термеші Бекұзақ Тәңірбергеновтің туғанына 60 жыл толуына орай «Қайым айтыс Құлагері» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2018 г. 1 158 0
«Digital Talks»: жиында не талқыланды?

«Digital Talks»: жиында не талқыланды?

«Digital Talks» пікір талас алаңы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдараламасын талқылады.   Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Жас Отан»ЖҚ ұйымдастыруымен «Digital Talks» пікірталас клубының отырысы өтті. Онда «Цифрлық Қазақстан»  мемлекеттік бағдараламасының  тиімділігі мен ел дамуындағы маңыздығы талқыланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2018 г. 688 0
ТЕАТР ҰЖЫМЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ 3 НОМИНАЦИЯҒА ИЕ БОЛДЫ

ТЕАТР ҰЖЫМЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ 3 НОМИНАЦИЯҒА ИЕ БОЛДЫ

30 қазан - 6 қараша аралығында Талдықорған қаласында  Астана қаласының 20 жылдығы мен мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің  120 жылдығына арналған   «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты Қазақстан және Орталық Азия елдерінің VII Халықаралық театрлар фестивалі өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2018 г. 545 0