« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры аймаққа оң өзгеріс әкелді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры аймақтағы аудан мен елді мекендерді көгілдір отынмен қамтуға жол ашқаны белгілі. Мемлекет басшысының жасаған тікелей қамқорлығы бұдан басқа жаңа құрылыстарды пайдалануға енгізумен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруды, халықтың әл-ауқаты деңгейін арттыруға ықпал етіп отыр.
Былтыр шілде айында Қызылорда облысында «Қараөзек» жоғары технологиялық газ компрессорлық станциясы пайдалануға берілген болатын. Станция бастығы Талғат Менеевтің айтуынша, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан 944 шақырымда орналасқан бұл нысан жылына 10 млрд текше метр газ өткізуге қабілетті.
Бұдан басқа, компрессорлық станция Астана және солтүстік өңірлерді газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. Бұл мақсатты орындауға станция қуаты толығымен жетеді дейді мамандар.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламановтың айтуынша, Елбасының бес әлеуметтік бастамасында «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» кеңінен айтылды. Қазіргі таңда, 267,3 млрд теңгені құрайтын «Сарыарқа» магистральды газ құбыры құрылысының бірінші кезегіндегі «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағытын 2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында бастап, 2019 жылдың желтоқсан айында толықтай аяқтау жоспарлануда. Осы арқылы «Сарыарқа» магистралды газ құбырының бойындағы 171 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ете аламыз. Тұрғындарды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту көзделген, 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Экологиялық ахуалды жақсартып 800 уақытша жұмыс орны ашылады.
Қазіргі таңда облыс халқының 60%-тен астамы табиғи газ тұтынуда. Соңғы жылдары аймақты газдандыру қарқыны артып, 7 аудан орталығының 4-тен тұрақты көгілдір отынды пайдаланып отыр.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |