Қармақшы ауданының басты жаңалығының бірі – Жосалы кентін газдандыру жобасы. 2017 жылы “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистральді газ құбырының 14,5 шақырымы мен АГТС (автоматтандырылған газ тарату станциясы) құрылысы басталған болатын. Бүгінде мұндай ауқымды құрылыс аяқталып пайдалануға берілді. Бұрын Байқоңыр қаласы газға қосылса, енді кенттің шығыс жақ бетінің тұрғындары алғаш болып “көгілдір отын” игілігін көрмек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 ақпан 2019 г.
320
0
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 ақпан 2019 г.
369
0
Ел экономикасын алға жылжытатын сала ретінде ауыл шаруашылығын әртараптандыруға ерекше назар аударылуда. Бұл салада негізгі кәсіп күрішпен қатар майлы дақылдар егуді көбейту қолға алынды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару көлемі де жыл өткен сайын артып келеді. Осы және Байқоңыр қаласын дамыту бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жыл жоспарын өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі өкілі, облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов баяндады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 ақпан 2019 г.
489
0
Стратегиялық маңызы бар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының құрылысы – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асқан ауқымды жобалардың бірі. Төрт облыс арқылы өтетін газ құбырының жалпы ұзындығы – 1143 шақырым. Оның 846 шақырымы Қызылорда облысының аумағынан өтеді. Аталған құбыр бойында бірнеше газ компрессорлық станциялар салынды. Айта кетейік, аталған магистральді газ құбыры аймақ экономикасына қосымша қуат беріп, өңірді түгелдей газбен қамтуға жол ашып отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 ақпан 2019 г.
483
0
Сыр өңірі – бұрыннан төрт түлікті түлеткен, атакәсіптен айнымаған аймақтың бірі. Сол себепті қай кезде де елдегі ағайын мал шаруашылығына барынша мән беріп келеді. Соңғы жылдары өңірде түлігін төлдетіп, қыс-жаз демей маңдай терін төккен шопандар еңбегі елеусіз қалмауда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 ақпан 2019 г.
542
0
Қызылорда – аумағы еселеп ұлғайып, халық саны қарқынды өсіп келе жатқан қала болғандықтан, инфрақұрылымға қатысты мәселелері де кезең-кезеңмен шешілуде. Қазірдің өзінде қалада 800-дей көше бар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 ақпан 2019 г.
495
0
Әлеуметтік желіде жобарыстың жолды кесіп өткен видеосы тарап жатыр. Бейнетаспа Жаңақорғанда түсірілген деген ақпар бар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 ақпан 2019 г.
1 335
0
9 ақпан күні сағат 09.00 бастап А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыс әкімінің орынбасарлары, Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәслихат хатшысы мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, сондай-ақ облыстық басқармалардың басшылары қатысқан Ашық есік күні өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 ақпан 2019 г.
760
0
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қарбыз шырыны шығарыла бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш өндіріс орны жобасын неміс компаниясы қаржыландырады. Өндіріс орнына қажетті шикізатты жергілікті шаруалар жеткізіп тұрмақ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 ақпан 2019 г.
690
0
Өткен сенбі Қызылорда қаласында Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық Мәдениет үйінде көп балалы аналарға қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 ақпан 2019 г.
1 009
0