Инвестиция тартуда ілгерілеу бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.

– Облыс әкімдігі өңір эко­но­микасының мұнай мен уран­ға тәуелділігін ескеріп, жыл бойы Үкіметпен экспортқа шы­ғарылатын мұнай көлемін ұлғайту, газға әділ баға қою және жаңа кеніштерді игеру мәселелерін шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Қа­зіргі таңда аталған мәсе­ле­лер орталық атқарушы орган­дардың қарауында. Осыған орай, экспортқа бағытталған бә­­се­кеге қабілетті өндірістерді құру мен дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен бірге, мұның бар­лығы индустриялық-инно­ва­ция­лық дамытудың мемле­кет­тік бағдарламасы аясында жү­зеге асырылуда, – деді Ринат Қалдыбекұлы.

Бүгінде өңірде бағдарлама шеңберінде құны 512 млрд тең­геден асатын 25 жоба қол­ға алынып, қазіргі сәтте 7-і іске қосылған. Оның ішінде құрылыс индустриясы саласында 2 өндіріс орны бар. Олар – Жаңақорған ауданындағы қу­ат­тылығы 75 мың тонналық әк зауыты мен Шиелі ауда­нындағы цемент зауыты. Биыл бұлардың қатарына шыны зауыты мен балық өң­дейтін цех қосылатын болады. Бұған қоса, алдағы уақытта “Шалқия” кен орнындағы тау-кен байыту комбинаты, кальцийленген сода зауыты, жылына 1500 тонна ет өңдейтін құс фабрикасының және балықты тереңінен өңдеу зауыттарының құрылысы басталмақ. Сондай-ақ, томат пастасы өндірісінің жо­басы бойынша зауыт салу мәселесі де наурыз айында өз шешімін таппақ.

Жалпы атқарылған жұмыс­тар нәтижесінде өткен жылы өңірге тартылған инвестиция көлемі 25,5%-ке артып, 325,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне тар­тылған инвестиция көлемі 37,6%-ке артқан. Ал сыртқы инвестиция көлемі 1,7 есеге өсіп, 98,2 млрд теңгеге жеткен.

 

Брифингте облыстық кә­сіп­керлік және туризм бас­қармасы басшысының орын­басары Аза­мат Дос­жанов та салада ат­қарылып жатқан жұмыс­тар жай­ын баян етті.

Оның айтуынша, жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы аясында  арнайы Жол картасы әзірленіп, бір­қа­тар шаралар  жасалынған. Өт­кен жылы шағын және орта кә­сіпкерлік субъектілерінің са­ны 49991 бірлікті құраса, биыл бұл көрсеткіш 51078-ге жеткен. Осыған сәйкес, 9 ай­дың көрсеткіші бойынша 90 мың­нан аса адам жұмыспен қам­тылып, 250 млрд теңгенің өнімі өндірілген.     

– Салада мемлекеттік бағ­дар­ламалар да өз дәрежесінде жүргізілуде. Әсіресе, аудан тұр­ғындары белсенділігі артуда. Мәселен, “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы не­гізінде Арал ауданы 1 млрд теңгеге 16 жоба және Жа­лағаш ауданы 459 млн тең­геге 9 жоба шығарды. Ал, “Нә­тижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті да­мыту” бағдарламасы бойын­ша Сырдария ауданынан – 167, Жаңақорғаннан – 164, Қар­мақшыдан 148 кәсіпкер ша­­ғын несие алуға белсенді қатысты. Бағдарлама аясында шағын несиелер беру үшін бө­лінген қаражаттың 569,3 млн теңгесін Жаңақорған ауда­ны алып, алдыңғы қатарды иеленді, – деді облыстық кәсіп­керлік және туризм бас­қармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов.

Жиын соңында баяндама­шы­ларға тілшілер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 369 0