« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда – аумағы еселеп ұлғайып, халық саны қарқынды өсіп келе жатқан қала болғандықтан, инфрақұрылымға қатысты мәселелері де кезең-кезеңмен шешілуде. Қазірдің өзінде қалада 800-дей көше бар.
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаланың шет аймағындағы «Саяхат», «Қорқыт ата көшесі» аумағының тұрғындарымен кездесіп, алдағы атқарылар жұмыстар туралы пікірлесті. Азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, басты мәселелерге назар аударды.
Соңғы жылдары шет аймақтағы «Әл Фараби», «Саяхат», «Сәулет» шағын аудандарындағы автобус жүретін бірқатар үлкен көшелер асфальтталған еді. Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен осы аудандардағы кіші көшелердің ахуалы жан-жақты зерттеліп, 322 көше анықталды. Мәселен, «Саяхат» шағын ауданындағы 42 көшенің 2-не асфальт төселген. Қалған көшелерді жөндеудің жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, алғашқы 310 млн теңге қаражаты бөлінді. Қазір тиісті мердігер анықталып, күн жылынысымен жұмыс басталмақ.
– «Саяхатқа» қоныс тепкенімізге 10 шақты жыл болды. Күрмеулі мәселелерімізді айтып, қала әкімдігіне бардық. Содан бері бірталай түйіндер шешілді. Үлкен көшеміз асфальтталды. Электр жарығының әлсіздігінен балалардың сабақ оқуы, теледидар көру қиын еді. Ол қиындық та артта қалатын күн жақын. Ендігісі – жол проблемасы. Күн райы бұзылса, жаңбыр жауса, адам аяқ алып жүргісіз болып қалады, – дейді зейнеткер Ә.Байсалов.
Тұрғындар аталған ауданға мектеп, үлкен көшелерге қауіпсіздік үшін жаяу жүргіншілер жолы керектігін айтты. Мектеп құрылысының жобасы жасалған, қазір министрліктің қарауында.
– Көшелердің жағдайын ең біріншіден, балалардың мектепке қатынауына, «Жедел жәрдем» мен полиция көліктері дер кезінде жететіндей етіп жасауымыз керек, – деді облыс басшысы өз сөзінде.
Қазір 2019-2021 жылдарға арналған үшжылдық жоспар түзілген. Есеп бойынша 322 көшеге қиыршық тас төсеуге 3,8 млрд теңгедей қаражат керек. Ал асфальттауға 8,9 млрд теңгедей қаржы қажет. Үш жылдың алғашқы жылына, яғни биылға 1,5 млрд теңгедей қаражат қарастырылып, жоспардағы жұмыстардың 60 процентін игеруге мүмкіндік бар.
«Қорқыт ата көшесі» аумағында да тұрғындар жол жағдайына қоса, көшелерді жарықтандыру, аяқ су әкелу мәселесін көтерді.
– Осыған дейін қаланың орталық, кіреберіс көшелеріне баса мән берілсе, енді ішкі жолдарды жөндеуге кірісеміз, – деді аймақ басшысы. Тұрғындар жаңа бастамаға қатысты ой-пікірлерін айтып, көшелерді көркейтуге байланысты ұсыныстарын жеткізді.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |