Бекболат Тілеухан инстаграмдағы парақшасында "Өз ойым" бағдарламасына қатысты өз ойын айтты. Елуге келгенде бұндай масқараға шыдамаймындығын, қазақ жігіттеріне бас көтеріп, қарындастарының ары үшін күресуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚОҒАМ
29 сәуір 2019 г.
936
0
Биыл облыста Сыр сүлейлерінің мақам-саздарын жаңғырту, жыр-термелердің жаңа тынысын ашу үшін «Жыр мұра» жобасы басталды. Жобаның жоспары нақты, жұмысы жүйелі, алғашқы жетістік те көңіл қуантады. Ұлттық өнер жанашырларының қатысуымен өткен «Жыр мұраның» ашылу семинарында алдағы мақсат пен ұсыныстар талқыға түсті.
ҚОҒАМ
27 сәуір 2019 г.
1 114
0
Мемлекеттік-жеке әріптестік – бүгінде ел экономикасын жаңа белеске көтеруге, оны әртараптандыруға және кәсіпкерлерді ірі инвестициялық жобаларға тарта отырып, бизнесті мемлекетпен бірлесе дамытуға септесетін үлкен жобалардың бірі. Бюджеттің қарымы жете бермейтін, әсіресе, маңызы зор әлеуметтік жобаларға жеке бизнесті тарту Елбасы бастамасымен жүзеге асырылуда.
ҚОҒАМ
27 сәуір 2019 г.
603
0
Сәуірдің 26-сы адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат – Чернобыль атом электр стансасында жарылыс болған күн. Апаттан Белоруссияның Гомель мен Могилев, Украинаның Киев пен Житомир және Ресейдің Брянск облыстарының тұрғындары Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбасына тең келетін радиоактивті сәулеге шалдықты. АЭС-тің айналасындағы 30 шақырымда орналасқан халық басқа жерге көшірілді.
ҚОҒАМ
27 сәуір 2019 г.
1 084
0
Бүгінде Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облысы аймақтарындағы елді мекендерде денсаулық сақтау, білім, ауыл және мал шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларына мамандар тапшылығы қатты байқалуда.
ҚОҒАМ
27 сәуір 2019 г.
485
0
Қазақ киеден қатты қорқады. Киесі ұрады дейді. Адыраспан, аққу, ақбөкен, жаулық, жылқы, қобыз, ат тағасы, батаның киесі (теріс бата), ұстахана... Осылайша киелі дүниені жұрт тізбектей береді. Расы керек, шынымен жоғарыда айтқан ұғымды бойға сіңіріп өскен сіз бен біз де осыларда әлдебір күш барына сенеміз. Адамдар арасын жалғайтын да осы. Мейлі, ол адам өлі болсын, тірі болсын. Аруаққа тіл тигізуден қорқатынымыз да сол. Онда кие бар деп түсінеміз. Демек, кие дегеніміз – сенім. Сол арқылы жақсылыққа ұмтылып, жамандыққа тосырқай қараймыз. Әсілі, кие ұғымы арқылы ата-бабамыз ізгілік жолын осылай әспеттейді. Бір сөзбен айтқанда, кие – сенің жүрегіңді жақсы қасиетке бастайтын күш екенін байқамайсың да.
ҚОҒАМ
27 сәуір 2019 г.
2 649
0
Шиелі ауданындағы іргелі елді мекеннің бірі – Балаби бұл күндері сән-салтанаты келіскен, әлеуметтік жағдайы да жақсарған ауылдардың қатарына жатады. Кешегі кеңестік кезеңде де «Қазақстанның ХХХ жылдығы» атындағы кеңшар озық шаруашылық саналатын еді, сондағы еңбек еткен еңбеккерлердің сабақтастығы әлі күнге жалғасып келе жатыр. Олардың көпшілігі және бүгіндері еңбекке араласқан ұрпақтары нарықтық қатынастың да қыр-сырына қанығып, қатарынан қалмай тіршілік етуде.
ҚОҒАМ
27 сәуір 2019 г.
598
0
Ақпараттар ағыны тасқындап, жаһандық даму мен өзгерістердің лебі қоғамның кез келген саласын шарпып жатқан қазіргі кезеңде орын алып жатқан реформаларды саралап, екшеп үлгеру қажеттігін уақыт дәлелдеп отыр. Алға қарай өсу, даму, әлемдік өзгерістер мен тәжірибелерге сәйкес болу үшін, өзгеру, жаңару құбылысы, әрине, керек-ақ. Елбасының бастамасымен енген білім саласындағы реформаны алғашында тосырқай қабылдағанымыз жасырын емес. Бұл тосырқаушылық жаңа жүйені дұрыс түсінбегендіктен, шетелдік тәжірибеден алынған кейбір тұстарын, терминдерін ұлттық болмысымызға қайшы деп түсінгендіктен туындаған еді. Уақыт өте келе жер-жерде, кезең-кезеңімен өтіліп жатқан білім жетілдіру курстарының нәтижесінде күдігіміз сейілгендей болды.
ҚОҒАМ
27 сәуір 2019 г.
613
0
Біраздан бері үзілген тінді қайта жалғағандаймыз. Өткен жылдан бастап ауылдарды аралап, оның тыныс-тіршілігімен танысудамыз. Оған себеп – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. Өткенді тірілтіп, өшкенді жандыру бізге парыз. Осы тұрғыда өңірдің бірқатар елді мекенін араладық. Соның бірі – Жосалы кентінен 140 шақырым қашықтықта жатқан Т.Көмекбаев ауылы.
ҚОҒАМ
27 сәуір 2019 г.
485
0
Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 15 ақпандағы №89 шешіміне сәйкес аймақта мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асырылуы жоспарланған жоба саны 34 болатын. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының мәліметі бойынша, енді осы тізімге жаңадан 7 жоба қосылып отыр.
ҚОҒАМ
27 сәуір 2019 г.
417
0