« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сәуірдің 26-сы адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат – Чернобыль атом электр стансасында жарылыс болған күн. Апаттан Белоруссияның Гомель мен Могилев, Украинаның Киев пен Житомир және Ресейдің Брянск облыстарының тұрғындары Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбасына тең келетін радиоактивті сәулеге шалдықты. АЭС-тің айналасындағы 30 шақырымда орналасқан халық басқа жерге көшірілді.
Апаттың зардабын жоюға КСРО-ның барлық республикаларынан еріктілер, әскерилер жіберілді. Атом зардаптарын жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Солардың бірі Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры, Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Айтжан Оразбақовтың айтуынша, Чернобыльге біздің облыстан 800-ден астам адам барған. Бүгінде атом зардаптарын жоюға қатысқандардың саны 300-ге жетпейді.
БҰҰ-ның 1995 жылы жасаған есебі бойынша, Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан 9 миллион адам зардап шекті. Оның 4 миллионы 14 жасқа дейінгі балалар.
Кеңес Одағы тараған соң Украина билігі АЭС-ті толығымен жабу туралы келісімге келді. 2012 жылдан станцияның үстіне саркофаг салу басталды. Соңғы мәліметтерге қарағанда қазір мұнда заң тұрғысынан рұқсат етілмесе де, 150-дей адам тұрады. Ғалымдар «ауада радиация байқалмайды, бірақ топырақ цезийден тазарған жоқ» дейді. Сондықтан онда өсірілген ештеңені пайдалануға болмайды.
Бүгінде Чернобыльге экскурсияға тапсырыс беру арқылы баруға болады. Припять қаласында жұмыс істейтін ресми турагенттік қысқа және ұзақмерзімді экскурсиялар мен авиатурлар ұйымдастырады. Бастысы – турагенттік қауіпсіздікке кепілдік береді. Украина.ру kiev.vgorode.ua сайтына сілтеме жасай отырып, турдың бағасы адам басына 29 доллардан, ал апат құрбандарын еске алу күнінде 150 долларға өсіп кететінін жазған. Ұйымдастырушылар құпия нысандарды аралатып, еркін айналымға шықпаған ақпараттарды ұсынумен қызықтырып отыр. Егер қосымша ақша төлесе, ниет білдірушілерге АЭС-тің ішін аралатады. Бірақ фото мен бейнетаспаға түсіруге тыйым салынған.
М.МЕРЕЙ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |