« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 15 ақпандағы №89 шешіміне сәйкес аймақта мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асырылуы жоспарланған жоба саны 34 болатын. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының мәліметі бойынша, енді осы тізімге жаңадан 7 жоба қосылып отыр.
Оның біріншісі Арал қаласындағы мәдениет үйі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық актілерді тіркеу бөлімі ғимаратының бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету жобасы. Орындалатын мерзімі 2019-2021 жылдар. Екінші жоба да Арал қаласына тиесілі. Ол бойынша 2019-2021 жылдары №62 және №220 мектептердің бу қазандықтары жаңғыртылып, сервистік қызмет көрсетіледі. Келесі екі жоба аясында Шиелі кентінде бірқатар білім ошақтарының бу қазандықтары жаңғыртылады. Оның алғашқысына Шиелі кентіндегі №47, №48, №244 орта мектептері мен "Арман" мәдениет үйі кірсе, екінші жобаға осы кенттегі №127, №219, №270 орта мектептері мен Оқушылар үйі енгізілген. Бұл жұмыстар да 2021 жылға дейін аяқталуы тиіс.
Бесінші жоба аясында 2019-2022 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені полигонының құрылысы және сыртқы инженерлік желілерді жеткізу жұмыстары орындалатын болады. Ал тізімге алтыншы болып енгізіліп отырған жобаға сәйкес, 2023 жылға дейін Қызылорда облысының мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстары жүзеге асырылмақ.
Соңғы жоба шеңберінде 2019-2023 жылдар аралығында Шиелі ауданындағы индустриалды аймаққа теміржол желісін тарту көзделген.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |