« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Біраздан бері үзілген тінді қайта жалғағандаймыз. Өткен жылдан бастап ауылдарды аралап, оның тыныс-тіршілігімен танысудамыз. Оған себеп – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. Өткенді тірілтіп, өшкенді жандыру бізге парыз. Осы тұрғыда өңірдің бірқатар елді мекенін араладық. Соның бірі – Жосалы кентінен 140 шақырым қашықтықта жатқан Т.Көмекбаев ауылы.
Түтіні түзу ұшқан ауылда қазақылықтың қаймағы бұзылмаған. Олай дейтініміз – мұнда ұлттық дәстүрді сақтап, қазақтың қолөнерімен айналысатындар жетерлік. Соның бірі – Шамшырақ Жантуарова. Өзінің айтуынша, ол инені қолына бес жасынан бастап ұстапты. Бала кезден-ақ анасына қолғабыс етіп, тігіншілікке төселіпті. Бүгінде бес баланың анасы ауылдың сыйлысы, кәсібін дөңгеленткен жан.
– Іс тігуге, тоқымаға өте құмармын. «Қолөнер – қазақтың жаны» деген рас. Жалпы отбасымызбен ұлттық өнердің жанашырымыз, – дейді ол.
Шебер өткен жылдың аяғына таман «Бизнес Бастау» бағдарламасымен 600 мың теңге көлемінде қаржылай несиеге қол жеткізіп, оған үш түрлі тігін машинасын сатып алған. Кәсібін осылайша кеңейтуді мақсат еткен шебер құжат жинау кезінде көмек берген ауылдық округ мамандарына дән риза. Бұрын ескі машинамен әуреленетін болса, енді қазір су жаңа жабдығы жұмыс сапасын арттырып, қолайына жарап тұр.
Бір айта кетерлігі, Шамшырақ Жантуарова ауыл мектебінде еден жуушы болып еңбек етеді. Кәсіп – оған қосымша табыс көзі. Себебі, көпбалалы отбасына қаражат қашан да артықтық етпейді.
– Қолөнер кәсіпте – табыс, өмірде – өнеге, отбасында – тәрбие. Шын сөзім. Қазір кей адамның әлеуметтік жағдайы неге төмен? Неге жұмыссыз? Өйткені – қолы бос, жұмысты өзінен емес, көктен іздейді. Жұмыс – адамның алақанында. Ақша – маңдай теріңде. Ата-анасы қимылдаса, бала да соған қарап қарекет қылады, – дейді шебер.
Түйін:
Шебер қолды Шамшырақтың тігін бөлмесі ұлттық киім-кешек пен басқа да бұйымға толы. Оған сұраныс та, тапсырыс та көп екенін айтады көпбалалы ана. Осылайша шебердің қолынан шыққан талай дүние көптің қажетіне жарап тұр.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
журналист.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |