Байқоңырдағы еңбек жәрмеңкесі

 Бүгінде Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облысы  аймақтарындағы  елді мекендерде денсаулық сақтау, білім, ауыл және мал шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларына мамандар тапшылығы қатты байқалуда.

Осыған орай Елбасының қол­дауы­мен халық тығыз орналасқан Түркістан, Қы­зылорда облысы тұрғындарын солтүстік және шығыс өңірлерге қоныс ау­даруға үгіттеу, қоныс аударуға ниет білдірген азаматтарды сол өңір­лерден жұмыспен қам­тып, оларға үй-жай беру арқы­лы тұрақтандыру мақсатында ар­найы үгіт-насихаттық  топтар жұмыс істеуде. Аталған іс-шара нәти­жесінде бүгінде Түркістан және Қы­зылорда өңірлерінен сол­түстікке қоныс аударып,  тұ­рақ­ты жұмыспен қамтылғандар саны жылдан-жылға өсіп отыр. Олар­дың арасында еткен кәсіп­те­рінен нәсіп тауып, үлкен же­тіс­тікке қол жеткізгендер де   баршылық.

Міне, жылдағы дәстүрге сай өткен бейсенбі күні Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыс­тарынан облыстық, аудандық  жұмыспен қамту орта­лықтары мен ауылдық округтер әкімдері, мамандар облысымызға келіп, Байқоңыр қаласы тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

ҚР Президентінің «Бай­қоңыр» кешеніндегі өкілінің жұ­мысын қам­тамасыз ететін басқарма бас­шысының орын­басары Мыр­забек Демесінов төр­ағалық жасаған шарада   деле­гация мүшелері Айдос Жанақаев, Меруерт Есен­баева, Салтанат Жолдыбаева, Маржан Жүсіповалар өз аймақ­тары­ның ерекшеліктері мен тапшы мамандықтар туралы әңгі­ме тінін тарқатты. Сонымен қатар, бай­­қоңырлықтар тарапынан қо­йылған сауалдарға нақты жауаптарын берді.

Делегация атынан сөз ал­ғандар қоныс аударуға тілек біл­діргендерге берілетін көмектер мен талаптарды түсіндірді.


Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Байқоңыр қаласы.
ҚОҒАМ 27 сәуір 2019 г. 485 0