Жаңа жыл қарсаңында бірқатар елді мекенді аралап шықтық. Бірсыпыра ұжымдар қалыпты ырғағынан жаңылмапты. Ұйымдастыра білгендер мерекені атап өтіп те, еңбек заңдылығын сақтап та үлгеруде. «Бәрекелді» дестік.
ҚОҒАМ
09 қаңтар 2014 г.
1 025
0
Міне, тағы бір жылды тарих қойнауына тапсырып, жаңа жылмен қауыштық. Халқымыз «ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп, келер жылдан үлкен үміт күтіп, жақсылықтар тілейді. Ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алып тұрып әрбір адам баласы өткеніне көз жүгіртіп, істеген ісіне баға береді. Осы орайда өткен Жылан жылы несімен есте қалды, төрге озған Жылқы жылынан не күтесіз деген сауалды бірнеше азаматқа қойған едік.
ҚОҒАМ
07 қаңтар 2014 г.
5 350
0
Қаңтардың қыраулы қабағы мал мен жанды қысып тұр. Күн райы бұзылғаннан-ақ шаруасы көбейетін арнайы қызмет мамандары 5 қаңтар күні «Самара-Шымкент» трассасында қалып қойған 5 көліктің жүргізушілерін құтқарып қалды. Әйтеке би кентінің тұсында тоқтап қалған жүк көліктеріндегілердің айтуынша, олар Алматы қаласынан Ресей Федерациясына жол тартқан екен.
ҚОҒАМ
07 қаңтар 2014 г.
843
0
Міне, 2014 Жылқы жылы да келіп жетті. Жаңа жылдан жақсылық күтетін қауым, әсіресе, қыз-келіншектер заман талабына сай киінуді ұмытқан емес. Әлемнің белгілі сәнгерлері Лондон, Милан, Нью-Йорк, Парижде өткен сән апталығында Жылқы жылының басты киім үлгілерін паш етті.
ҚОҒАМ
07 қаңтар 2014 г.
1 571
0
Жезқазғаннан Сексеуілге дейінгі салынып жатқан теміржол даланы екіге бөліп, бірде жолында кездескен төбені 17 метрге дейін ойып өтіп, бірде жер беті деңгейінен 21 метрге дейін көтеріліп кетеді. Өзендер мен ойпаттар арқылы 12 көпір салынып, жалпы көлемі 30 млн. шаршы метр болатын топырақ төсемінің бойына 244 су өткізетін құбыр тартылды. Осындай үлкен көлемді жұмыс бар-жоғы 16 айда жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Жезқазған-Сексеуіл теміржолының екі жақтан басталған жоғары қабатының құрылысы түйістіріліп, айрықша мәні бар оқиға болды.
ҚОҒАМ
31 желтоксан 2013 г.
1 058
0
«Барлық жаратылыс Уақыттан қорқады, Уақыт пирамидалардан қорқады» деген сөз бар. Бұл пирамидалардың мықтылығын дәріптеу үшін ғана айтылған. Ұлы Уақыт – бір Жаратушыдан өзге күллі ғаламның әміршісі. Өйткені, Уақыттың өзі сол Жаратушының туындысы. Оның әр өлшемі ғаламда әр түрлі. Мысалы, миғражда бір ғасыр уақыт біздің қас-қаққанымыздай ғана, ал, Жер бетінде ол – жүз жыл.
ҚОҒАМ
31 желтоксан 2013 г.
1 113
0
Өрілсін ақ тілекпен жыр тұғыры, Төгілсін өң-жүзімнен күлкі нұры.
ҚОҒАМ
31 желтоксан 2013 г.
1 436
0
Жыл алмасқан кезде «ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деген тілек тілеп, өткенге салауат айту, ертеңнен жақсылық күту әдеті жылдар бойы қалыптасқан. Уақыт дөңгелегі кері айналмайтынын тағы бір дәлелдеп, табалдырығымыздан Жаңа жыл аттағалы тұр.
ҚОҒАМ
31 желтоксан 2013 г.
1 055
0
Қасиетті де киелі қазақ жеріне, Тәуелсіз елімізге Жаңа 2014 жыл қадам басып келеді. Қай-қайсымыз болса да, әдеттегідей Жаңа жылға үмітпен қарап, жағымды жаңалықтар күтіп, жаңа мақсат-міндеттер белгілейміз. Өйткені, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен халқымыздың бірлігінің арқасында біз жаңа ХХІ ғасырда іргесі берік, әлемдік қауымдастықта беделі биік мемлекетке айналдық.
ҚОҒАМ
31 желтоксан 2013 г.
1 931
0
Жылқыны әлемде тұңғыш болып қолға үйреткен халқымыз үшін Қамбар ата тұқымынан асқан қасиетті мал жоқ. Арғымақ мінезді қазақтың Жылқы жылын айрықша қастерлейтіні сондықтан. Бұл жылы не болса да оған қанағатпен, тәубе-сабырмен қараған. Қазақ тарихында Жылқы жылы жаугершілік кезеңнің жетістіктерімен, экономикалық реформалармен, мәдениет саласының табыстары арқылы есте қалғандығымен ерекшеленеді.
ҚОҒАМ
31 желтоксан 2013 г.
1 313
0