Қаңтардың қыраулы қабағы мал мен жанды қысып тұр. Күн райы бұзылғаннан-ақ шаруасы көбейетін арнайы қызмет мамандары 5 қаңтар күні «Самара-Шымкент» трассасында қалып қойған 5 көліктің жүргізушілерін құтқарып қалды. Әйтеке би кентінің тұсында тоқтап қалған жүк көліктеріндегілердің айтуынша, олар Алматы қаласынан Ресей Федерациясына жол тартқан екен.
Оқиға орнына жедел жеткен Қазалы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен №4 өрт сөндіру бөлімі құтқарушыларының қауырт қимылының арқасында олар сапарларын жалғастырды.
Қаңтар басталғаннан-ақ күшіне мінген аяз жолда абай болуды ескертіп тұрғандай.
Е.АҚЫН.