ЕКІ ДОС

Қазақ халқында «Досты періште қосады, құданы құдай қосады» деген әдемі бір қағидат бар. Ал, біздің әңгімеге арқау етіп отырған екі адамымыздың пікірлес-достас болуының ең басты себебі – замана арпалысы, дәуір тынысы. Себеппен сылтау арбаға мінеді деген сөз осындайда айтылса керек.
ҚОҒАМ 12 наурыз 2014 г. 1 553 0

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Облыстың денсаулық сақтау  ұйымдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және   Қызылорда  облысының 2011-2015 жылдарға арналған  даму бағдарламасын басшылыққа ала отырып  жұмыстар атқаруда.  Денсаулық сақтау басқармасымен саланың өзекті мәселелерін қамтитын 2013-2014 жылдарға арналған «Жол картасы» дайындалып, жүзеге асырылуда.  
ҚОҒАМ 12 наурыз 2014 г. 2 877 0
БАРЫМ ДА, БАҒЫМ ДА – БАЛАЛАРЫМ

БАРЫМ ДА, БАҒЫМ ДА – БАЛАЛАРЫМ

Бұған дейін   хабарлағанымыздай, 7 наурызда Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай қоғамдағы белсенді әйелдерді қабылдаған болатын. «Көктем шуағы» атты салтанатты кездесуге қоғамдағы белсенді қызметімен танымал болған шығармашылық  және мемлекеттік қызметтегі әйелдер, еліміздің дамуына зор үлес қосқан  жұмысшы әйелдер, көпбалалы аналар шақырылды. Олардың қатарында  байқоңырлық «Алтын алқа» иегері Нұргүл Мұсаева да бар.
ҚОҒАМ 12 наурыз 2014 г. 1 828 0

ҚАПИЯДА ҚИЫЛҒАН ҚОС ҒҰМЫР

Бұл қайғылы оқиға былтырғы қоңыр күзде болған еді. Қыркүйек айының соңғы күні Салтанат пен Нәзтай есімді қос қыз айдың-күннің аманында қыршынынан қиылды. Енді болған жағдайды таратып айтайық.
ҚОҒАМ 12 наурыз 2014 г. 990 0

ЕЛ БАЙЛЫҒЫ ЕСЕЛЕНЕ БЕРЕДІ

Мемлекеттің салық саясаты экономиканы дамытуда, әлеуметтік ахуалды көтеруде үйлестіруші, реттеуші рөл атқарып келеді. Еліміздің қалыпты дамуы мен өркендеуі бюджет кірісінің оңтайлы қалыптасуымен тығыз байланысты.
ҚОҒАМ 08 наурыз 2014 г. 1 326 0
ЖАН ДҮНИЕСІ СҰЛУЛЫҚҚА ТОЛЫ ЖАН

ЖАН ДҮНИЕСІ СҰЛУЛЫҚҚА ТОЛЫ ЖАН

Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс атқарғаннан кейін облыстың түкпір-түкпірін жиі аралап тұруға тура келеді. Ол көбінесе облыс басшысы немесе өзге де қонақтардың аймақтағы елді мекендерге жасаған іссапарына сәйкес жүзеге асып жатады. Әрине, мұндайда облыстағы  ақпарат құралдарының өкілдері отырған көлік әкім мен оның қосшылары мінген көліктер қатарында жүйткіп жүргені. 
ҚОҒАМ 08 наурыз 2014 г. 1 029 0

МЕРЕКЕГЕ СЫЙЛЫҒЫҢЫЗ ДАЙЫН БА?

Қыстың ызғары қайтпаса да, гүл көктем айналаны нұрға бөлегендей. Қырмызы көктем келсе болғаны, әйел-аналардың мерекесі де келеді. Күннің шуағындай құлпырған аруларымыздың бұл күні аға-інілерімізден жақсы сый-құрмет күтетіні жасырын емес. Мейрам келсе болғаны, ер жігіттер қауымы жақындарына бірі гүл, бірі өзге сыйлық сыйласа, енді бірі бағалы жүзік, алқа секілді әшекей бұйымдар беріп жатады. Яғни, мереке қарсаңында сыйлықтардың саудасы қыза түседі. Саудагерлердің бұл күні қолы жүріп, бір байып қалады. Екі күн бұрын біз де халық көп баратын сауда орындарын аралап, базар көркін қыздырған сыйлықтардың бағасын бағамдап қайтқан болатынбыз. Шарықтаған баға мен сыйлық таңдап қарбаласқан жұрттың жайын сіздерге ұсынуды жөн көрдік.
ҚОҒАМ 08 наурыз 2014 г. 1 036 0

ҚАРАҚҰМНЫҢ ТАҢШОЛПАНЫ

Қазекеңнің күн қабағын, жолдың бағытын жұлдызға қарап болжайтын дағдысы бар. Бабаларымыздың осынау даналығын қазір әлемдік деңгейдегі ғалымдар да мойындауда. Сондай-ақ адамның есімінде тағдырдың үлесі мол деседі. Рас болуы. Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің есімі – Венера яғни «Шолпан» деген мағынаны білдіреді. Венера – өте әдемі жарқырайтын жұлдыз. Айдың жанында орналасады. Таң алдында ғана көрінеді. Латын тілінен аударғанда «Махаббат пен сұлулықтың патшайымы» дегенді аңғартады.
ҚОҒАМ 08 наурыз 2014 г. 1 029 0

ҒАСЫР ЖАСАҒАН АНАЛАР

Ана деген ардақты есімге ізгі ниетіміз өте зор. Әрбір адам баласына жарық дүние қызығын сыйлап, оларды тәрбиелеп өсіретін құрметті жандардың қашаннан да біз үшін бағасы жоғары. Сондықтан да олардың алдында басымызды иіп, ізгі ілтипатты білдіреміз.
ҚОҒАМ 08 наурыз 2014 г. 1 091 0

ӘДІЛДІК ЖОЛЫНАН АЙНЫМАҒАН

Мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі – сот жүйесі. Ол азаматтар мен түрлі ұйымдардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Оның әділ де қара қылды қақ жара билік айтуы еліміздегі демократиялық құндылықтардың қандай дәрежеде жүзеге асырылып жатқандығын айқын аңғартады. Бұл орайда сот төрелігін жүзеге асыратын судьяның кәсіби біліктілігіне, тараптарды тыңдаған кезде таразы басын тең ұстап, әрбір адамның тағдырына асқан жауапкершілікпен қарайтын имандылығына көп нәрсе байланысты. Сонымен бірге судьяның Елбасы Жарлығымен тағайындалатынын ескерсек, сот барысында оның тек қана заңға бағынатынын, күнделікті қызметте ғана емес, кәсіби әрі өмірлік жолда аса зор жауаптылық пен ержүректілікті талап ететін осы салада белсенді еңбек етіп жүрген нәзік жанды судьялар да аз емес. Солардың бірі – Гүлмира Ысқақова. 
ҚОҒАМ 08 наурыз 2014 г. 988 0