Дұрыс тамақтану аурудың алдын алады

Алдыма келген науқас кісімен бірге мен де қиналамын. Адамның басты байлығы – денсаулығының ақауы қоғам үшін де тиімсіз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қа­зақ­стан халқына арнаған Жолдауында салауатты өмір салтына тегіннен-тегін алаңдаушылық білдіріп отырған жоқ. Өйткені оны қалыптастырудың маңызы орасан зор. Мына бір деректерге назар аударып көрейікші. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша адам денсаулығы өмір сүру салтына – 53%-ға тәуелді болса, қоршаған ортаға – 20%, генетикаға – 18%, ал денсаулық сақтау ұйымдарына 10% тәуелді болады екен.
ҚОҒАМ 19 шілде 2014 г. 2 108 0

РАХМЕТТІҢ ҚҰНЫ ҚАНША?

Расында, рахметтің құны қанша дегеннің өзі қызық сұрақ. Өйткені нақты құны жоқ, саналық сыйластықтың сипаты секілді. Жасыратыны жоқ, кешегі кеңестік заманда рахметтің берекесі бар еді. Бір ауыз жылы сөз арқылы ықыласқа ықылас қоятын. Ал қазір құны қайтқандай, құты қашқандай. Ризашылықтың жеңіл түрі, не белгісі іспетті. Неліктен бұлай?
ҚОҒАМ 19 шілде 2014 г. 731 0

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДА

Өздеріңізге мәлім, Сыр аймағы тұрғындарының асыраушысы – суармалы егіншілік. Содан да жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарын суғаруға 4,1 млрд. шаршы метр суармалы су лимиті бөлінеді екен.
ҚОҒАМ 17 шілде 2014 г. 5 938 0

ҚЫЗМЕТ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ

Өткен жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы күшіне енгені баршаға мәлім. Осы заңда «мемлекеттік қызмет көрсету» түсінігі кеңінен анықталған, негізгі тұжырымдамалар мен басты басымдықтар айқындалып көрсетілген және ол қызмет көрсету жүйесін реформалауда маңызды рөл атқарады. 
ҚОҒАМ 17 шілде 2014 г. 791 0
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ҚАЙДА ДЕМАЛУДА?

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ҚАЙДА ДЕМАЛУДА?

Жаз айы – нағыз еңбек демалысының маусымы. Бұл уақыт келгеннен бастап жұрттың көбі демалысқа шығуды, баратын жерін белгілеуді жоспарлай бастайды. Осы кездерде бірнеше айдан бері бар күш-жігерін жұмысқа салған кез келген адам бірқалыпты күйбең тіршіліктен бір сәт арылып, демалысын сәтті өткізгісі келетіні анық. Осыған орай бірі отбасымен бірге болып тұрмыстық жағдайына көңіл аударса, бірі ауыл-аймаққа жол тартады, енді бірі шет елде демалуды көздейді.
ҚОҒАМ 17 шілде 2014 г. 795 0

ТАБИҒАТТЫ ЖАСТАЙЫНАН ТАНИДЫ

Оқушылардыңбелсендіөмірлікжәнеазаматтықұстанымынқалып­тастыру, отансүйгіштіксанасынтәр­биелеу, білімалушылардыңғылымиойлаужәнезерттеуқабілеттілігіндамыту мақсатындабиылғыоқужылысоңындаАлматықаласындағы жас натуралистерстансасындажаснатуралистерменэкологтардыңмүм­кіндігішектеуліоқушылардыңқа­ты­суымен «Қазақстанменіңелім» республикалықфорумыөткізілді. Форумға 14 облыстан және Алматы, Астанақалаларынан 7-11 сынып оқушылары қатысты.
ҚОҒАМ 17 шілде 2014 г. 785 0

АНА КӨРГЕН ТОН ПІШЕР

Өмірдің ерік-жігеріңе бағына қоймай­тын күрделі құбылыс екенін жақсы біле­міз. Сол өмірдің қуанышы мен өкініші, жақ­сылығы мен жамандығы қатар жүреті­нін біліп, түсінсек те ертеңімізден үміт күтетін пендеміз ғой. Облысқа белгілі азамат Қазыбай Құдайбергеновтің отбасына соңғы жылдары тағдырдың жазған үкімі тым қатал болып алды. Қапияда сүйкімді ұлы Абдоларонрашидтен, жүрек жарасы жазылмай жатып жарты ғасыр өмірлік серігі – асыл жары Жақсыбикеден айырылды.
ҚОҒАМ 17 шілде 2014 г. 969 0

ІНДЕТПЕН КҮРЕСУ МІНДЕТ

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың жетістіктерді жоққа шығаратыны, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі жемқорлықпен күресу болып табылады.
ҚОҒАМ 15 шілде 2014 г. 882 0

ТІРЕК АУЫЛДЫҢ ЖОБАЛАРЫ

Бүгінде Елбасының тапсырмасына орай елді мекендерді өркендетуге, яғни ауылдарды абаттандыруға басымдық берілуде. Осыған орай ауылдық аймақтарда кешенді даму үрдістері жоспарлы жүргізілуде. Демек, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалуда.
ҚОҒАМ 15 шілде 2014 г. 1 284 0

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

Ел Президентінің  жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында  тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру  маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.  Елбасының  айқындап берген  тапсырма, міндеттеріне сәйкес, 15.04.2013 жылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды. 
ҚОҒАМ 15 шілде 2014 г. 5 017 0