« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Алдыма келген науқас кісімен бірге мен де қиналамын. Адамның басты байлығы – денсаулығының ақауы қоғам үшін де тиімсіз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында салауатты өмір салтына тегіннен-тегін алаңдаушылық білдіріп отырған жоқ. Өйткені оны қалыптастырудың маңызы орасан зор. Мына бір деректерге назар аударып көрейікші. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша адам денсаулығы өмір сүру салтына – 53%-ға тәуелді болса, қоршаған ортаға – 20%, генетикаға – 18%, ал денсаулық сақтау ұйымдарына 10% тәуелді болады екен.
Салауатты өмір – сәндік сөз емес, ол денсаулықты күту, ол – мәнді ғұмыр кешу, ол қоршаған ортаға қамқорлықпен, үлкен сүйіспеншілікпен қарау, ол – тәнді тоздыратын темекі мен арды аздыратын арақтан, нашақорлықтан аулақ болу. Елдің санитарлық сауаттылығын көрсететін денсаулықтың алғы шарттарының бірі дұрыс тамақтану болып табылады. Кейде бір тойғанды шала байығанға балап, «аурудың астан» екенін ескере бермейміз. Халық арасында қаптап кеткен жүрек-қан тамыр аурулары, атеросклероз, инфаркт, инсульт, гипертония, онкологиялық ауруды семіздік пен қант диабеті, психикалық депрессия, остеопороз бен артроздар осы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан туындап отыр.
Мәселен, дүниеге келген нәрестелердің 19-20%-ы шала туады және тең жартысы бір жасқа дейін мешелге шалдығады. Бұл – ана организміндегі ас құрамында «Д» витаминінің және ритофлабиннің пренатальды жетіспеушілігінен болады. Қарап отырсаңыз, қуанарлық жағдай емес. Сол себепті сіздерге әр тағамның пайдалы жағын бөліп саралап жазып отырмын. Ал организмде мыс жетіспесе, адам шашы мезгілінен бұрын ағарып кетеді. Егер сіз шоколодқа не одан да тәтті тағамға мөлшерден тыс қызығатын болсаңыз – бұл сіздің организміңізде хромның не ванадийдің жетіспеушілігінен деген сөз. Қалайы жетіспеушілігі шаштың түсуі мен кереңдікке алып келеді. Бор жетіспеушілігі әйелдерде етеккір келетін үзілістер кезінде қатты қиналатын болады, ал еркектер тестостерон жетпеушілігінен азап шегеді. Себебі, бар әйелдерде эстроген, ал еркектерде – тестостеронды бөліп шығарады. Мырыш жетіспесе – дәм сезе алмайсыз. Міне, бұл белгілі дәрумендердің жетіспеушілігінен орын алатын жағдай.
Демек, кальцийдің жетіспеушілігінен 147 ауру туындайды. Соның бірі – остеолороз. Остеолороз өлімге алып келетін себептердің ішінде 10-шы орында тұр. Ауру қауіпті, ал оны емдеу өте қымбатқа түседі. Сіңірдің тартылуы организмде осы кальцийдің тапшылығынан болады. Артрит, люмбаго, ревматизм осы буындардағы остеолороз салдарынан туындайды. Ал бел ауруы омыртқа остеолорозынан болады. Осылардың негізінде португалдық диетолог Э.Пенрештің тек тамақтану ғана біздерді әлсіз не күшті, кіші не үлкен, ақылды не ақымақ, апатиялы не жігерлі етеді деген екен. Бауыр мен бүйректегі тастың пайда болуы да осы кальцийдің жетіспеушілігінен болады.
Қалыпты өмір сүру үшін және денсаулығымызды күту үшін қажет болатын заттар: 1) 60 минералдар;
2) 12 аминқышқылдар мен протеині бар белоктар;
3) 16 витаминдер түрі жиынтығы – күнделікті диетаға қажетті 91 қоспа керек. Олай болмаған жағдайда аурулар пайда болып өрши түседі. Қорыта айтқанда, жоғарыдағы аталған тағамда табиғи қажетті витаминдер, макро-микро элементтері бар минералдар болу керек. Дұрыс тамақтану дегеніміз осы. Кальцийдің жетіспеуінен қан қысымы көтеріледі, остеопороз, бауыр, бүйрек тастары, аллергия пайда болады. Қанның ұюына еттердің жұмыс істеуіне, инсулин түзілуге де осы кальций керек. Біздің клеткамыз әлсіз сілтілі орта да жақсы жұмыс істейді. Ал кальцийсіз сілтілі ортаны ұстап тұру мүмкін емес. Егер әйелде кальций аз болса, ол фибромиомаға шалдығады, климакстің өтуі өте қиын болады.
Ендігі бұл олқылықтардың орнын немен толтыруға болады. Англияның тамақтану саласының маманы Джон Карпер көкөністер мен жемістерді күніне кем дегенде 5 рет жеп тұру керектігін айтады.
Сондай-ақ сүзбе, ірімшік, сүт, холодец және биологиялық (табиғи) активті қоспаларды кеңінен пайдалану керек. Сонда ғана аурудан, көптеген кеселдерден құлантаза айығып кетуге болады.
Шағын мақалада бәрін жеткізіп айту мүмкін емес. Салауатты өмір салты өзін-өзі ас ішуді шектей білуден бастау алады. Бәрінен де бұрын бұл әр адамның өз пайдасы.
Қойлыбай Бекпейіс,
Шиелі ауруханасының дәрігері.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |