« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өткен жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы күшіне енгені баршаға мәлім. Осы заңда «мемлекеттік қызмет көрсету» түсінігі кеңінен анықталған, негізгі тұжырымдамалар мен басты басымдықтар айқындалып көрсетілген және ол қызмет көрсету жүйесін реформалауда маңызды рөл атқарады. Соңдай-ақ, қызметті қолданатын заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен мемлекеттік қызметтің рәсімделу, оның сапасына шағымдану тәртіптері, мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттарының шарттары мен қағидаттары осы заңнамамен белгіленген және қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында қоғамдық бақылау тәжірибеге енгізілген. Бұл көрсетілетін қызметтерді бағалауға мүмкіндік береді, оның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді. Аталған маңызды мәселелер Елбасының халыққа арнаған Жолдауында да атап көрсетіліп, онда мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін оңтайландырып, халыққа барынша қолжетімді әрі тиянақты ұсыну керектігі айтылған. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыру және халықпен байланысты қамтамасыз ету үшін облыстық мәдениет басқармасы тарапынан ел Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» және «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес, мемлекеттік қызметтің екі түрі бойынша қажетті жұмыстар жүргізу межеленген. Қызмет түрлерін үйлестіру және қажетті шараларды ұйымдастыру мақсатында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметті қолдану тетіктерінің тиімділігін ұсыну, оның жариялылығын қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігінің үстіміздегі жылдың 1 сәуірдегі қаулысымен «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері бекітілді. Оның жобасы жергілікті баспасөзде екі тілде жарық көрді.
Регламентке сәйкес көрсетілетін 2 қызметтің түрі төменде көрсетілген ережелер мен талаптарға сәйкес жүргізіледі:
– «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметі ҚР «Мәдениет» туралы заңының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы 8-бабы 6-тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі таңда облыстық мәдениет басқармасы жанынан құрылған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптамалық комиссия мәдени құндылықтар елімізден тыс жерлерге тек уақытша экспозициялау, гастрольдік қызмет, қалпына келтіру жұмыстары мен ғылыми-зерттеу, тұсаукесер, көрмелер және халықаралық мәдени шаралар өткізу мақсатында ғана әкетілетуге жататын құдылықтардың жай-күйін анықтайды, сараптама қорытындысы бойынша уақытша әкету құқығы туралы куәлік беріледі. Осы куәлік арқылы мәдени құндылықтарды ел территориясынан және кедендік шекарадан кедергісіз алып өтуге болады. Өз елімізден тыс жердегі мерзімі 6 айдан аспауы тиіс. Тек жеке тұлғаларға ғана өз меншігіндегі құнды дүниелерін ұзақ мерзімге әкетуіне рұқсат етіледі.
Ал, екінші «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету де өзіндік ережелер арқылы жүзеге асырылады. Қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз нысанында тегін көрсетіледі. Жергілікті уәкілетті орган (облыстық мәдениет басқармасы) тек жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім береді.
Жоғарыда аталған шараларды сапалы әрі тиімді жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттердің талаптарын орындау облыстық мәдениет басқармасындағы осы қызметпен айналысатын жауапты тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету барысында ар-намыс нормаларын сақтауы және халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалы түрде орындалуы үшін қолайлы жағдай туғызу біздің ортақ міндетіміз және оның мақсаты мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет көрсетуді өз уақытында, шынайы түрде атқару және мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының бұзылушылығын болдырмау болып табылады.
Е.ӘБДІРАХМАНОВ,
облыстық мәдениет басқармасының басшысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |