ІНДЕТПЕН КҮРЕСУ МІНДЕТ

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың жетістіктерді жоққа шығаратыны, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі жемқорлықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Қазіргі таңда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның өзектілігі бәрімізге айқын. Бағдарламаның негізгі ережелері сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі заңнаманы, құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету бойынша арнайы шараларды жетілдіруге құқық қорғау және азаматтық қоғаммен өзара әрекетке, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген қанатты сөз бар. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп ымырасыз күрескеніміз дұрыс.
Елбасымыз атап айтқандай, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес. Бұл – мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені» болып табылады. Сол себепті Қазақстанның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.
А.ЖОЛДЫБАЕВА,
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы.

ҚОҒАМ 15 шілде 2014 г. 882 0