МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТАЛАПТАРЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕ БЕРЕДІ

Облыс әкімінің кеңесшісі Ғазымбек Алпысбаевтың қатысуымен мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы семинар-кеңес болып өтті. Оған мемлекеттік органдар қызметкерлері мен бизнес өкілдері қатысты.
ҚОҒАМ 18 қыркүйек 2014 г. 672 0

ТІЛ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда ғана Ұлытау өңірінде ортаға салған мәселелерінің ішінде ерекше назар аудартқаны – мемлекеттік тілге деген көзқарастары болды. Мемлекеттік тілге қамқорлық танытып отыруы Елбасымыздың тіл тағдырына бейжай қарамайтындығын білдіреді.
ҚОҒАМ 18 қыркүйек 2014 г. 1 835 0

НАННЫҢ БАҒАСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Облыс әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Қазагрохолдинг” АҚ және Қазақстанның қайта өңдеушілер одағы арасындағы Меморандумға сәйкес нан мен ұн бағасы үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін бұрынғы қалпында қалған болатын. Қазіргі таңда қол қойылған Меморандум бойынша оның мерзімі тағы да екі айға, 1 қарашаға дейін ұзартылды.
ҚОҒАМ 18 қыркүйек 2014 г. 749 0
ҚЫЗЫЛОРДАДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕН ТӨМЕН

ҚЫЗЫЛОРДАДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕН ТӨМЕН

Бұл туралы сейсенбі күні «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ардагер Ақжігітов мәлім етті. Сондай-ақ, ол ақпарат құралдарының өкілдеріне ұлттық компанияның атқарған жұмыстарының қорытындысын да баяндады.
ҚОҒАМ 18 қыркүйек 2014 г. 707 0

ҮЛКЕНДЕРДІҢ КӨҢІЛІН КӨТЕРГЕН КЕШ

Қалалық ардагерлер үйінде "Егде кісілердің тамақтану тәсілі және салауатты өмір салты” деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Гүлназ Рыс­бекқызы жүргізді.
ҚОҒАМ 16 қыркүйек 2014 г. 813 0

ҒҰМЫРЛЫ ЕҢБЕК

Нарықтық заманның ың­ғайына тез бейімделіп, өз ісін өрістетіп кеткен жігітердің бірі – Қайрат Назаров. Жан-жақтылық қабілетінің арқа­сында ағаш ұсталығын мең­ге­ріп, жұрттың түрлі тап­сырыстарын орындап жүр­гендігіне оншақты жылдың жүзі болды. Оның қазір өз шеберханасы, қажетті құрал-саймандары, жанына жа­лау болып, ойындағысын іске асы­ратын көмекшілері де бар.
ҚОҒАМ 16 қыркүйек 2014 г. 784 0
ШУАҚ ШАШҚАН ШАҢЫРАҚ

ШУАҚ ШАШҚАН ШАҢЫРАҚ

Әлібековтер отбасында қарбалас тірлік басталғалы біраз болды. Сырт көзге сабырлы көрінгенімен, отағасы Мейрамбектің көңілінде бір алаң бар. Оның да өзіндік себебі жоқ емес. Рес­публикада алғаш рет ұйымдастырылғалы отырған "Мерейлі отбасы” ұлттық сайысына іріктеу Сыр өңірінде де болып өтті.
ҚОҒАМ 16 қыркүйек 2014 г. 1 395 0

ІСКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАСАҢ – ІС БІТЕДІ

Бүгінде Елбасы тапсырмасына орай елімізде кәсіпкерлікті қолдауға баса мән берілуде. Шағын және орта бизнесті жөн-жосықсыз тексеруге жыл аяғына дейін тыйым салынған. Содан болар жыл өткен сайын кәсібін нәсіп етушілер қатары да көбейіп те келеді. Десе де, бизнестің кеңеюіне кедергі келтіріп жүрген жайттар де жоқ емес. Оған жақында Жалағаш ауданы әкімі Т.Дүйсебаев аудан аумағындағы кәсіпкерлермен кездесіп, ашық әңгімелескенде көз жеткіздік.
ҚОҒАМ 13 қыркүйек 2014 г. 715 0

Арзан баға қайда бар?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
ҚОҒАМ 13 қыркүйек 2014 г. 784 0

АЙТҚЫШ НҰРХАБАЕВ

Қазіргі "Шіркейлі” ауылының аты бұрын "Қызылту” колхозы болған. Осынау шағын ауылдан үш жүзге мәшһүр Тапал ахун атты діни білімпаз шыққан. Қазақстанның Халық жазушысы айтқыр Қалтай, ақын Әбірәштің балалық дәуірі осы жерден басталған. Ауыл шаруашылығының академигі атанған Жаңабай Азаматов, дән дариясын тасқындатқан диқандар Қыдырқожа, Балдырған, Бексұлу, Орынкүлдер еңбегі жанған құнарлы топырақ. Ал, қазір осынау диқандар дәстүрін Аббас Камалатдин жалғастырып жатыр.
ҚОҒАМ 13 қыркүйек 2014 г. 1 094 0