« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қалалық ардагерлер үйінде "Егде кісілердің тамақтану тәсілі және салауатты өмір салты” деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Гүлназ Рысбекқызы жүргізді.
Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Әбдібаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Қайрат Мырзахметов "Егде кісілердің салауатты өмір салты” жайлы өзекті баяндама жасады. Ардагерлер тарапынан баяндамашыға бірнеше сұрақтар қойылып, сұраққа тұшымды жауаптар берілді. Дөңгелек үстелде "Сыр ұландары” жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сәуле Әбілдаева жастардың тиімді тамақтануы, ішімдік пен темекінің зиянына жан-жақты тоқталды. Шара соңы көңілді кешке ұласты. Ән-жыр айтудан, шахмат, дойбы, қол күресі сияқты спорттық ойындардан жарыс өткізілді. Оның жеңімпаздары арнайы құрмет грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тобаш ЕМБЕРГЕНҰЛЫ.
Қызылорда қаласы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |