БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ САЛЫМДАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?

Елімізде қаражат жинақтаудың жаңа жүйесі – білім беру жинақтау салымдарының енгізілгеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Бұл жүйенің тиімділігі қандай? Ол несімен ерекшеленеді? Біз орайы келген сәтті пайдаланып, ҚР "Қаржы орталығы” АҚ вице-президенті Шариман Риад Сәлімұлына осы сауалдарды қойған едік.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 784 0

Заман мен заң талабына сай жұмыс жасаймыз

Кәсіпорынның негізгі мақсаты – ха­лық­тың санитариялық-эпидемио­логия­лық салауаттылығын қамтамасыз ету және зерт­ханалық зерттеулер мен өлшемдер тұр­ғысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 789 0

ҰЯДА НЕ КӨРСЕҢ...

Атамыз қазақ осындай жарасымды тіршілікті көрген сәтте «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген тәмсілін тілге тиек етіп, береке дарыған шаңырақ шаттығын әспеттей білді. Расында да, бұл тәмсілдің қаншама дәуір өтсе де, өз мәнін жоғалта қоймағанын айқын аңғарамыз. Бүгінгі таңда елімізде жарасымды тірші­лікте өмір сүріп жатқан отбасыларды дәріптеу бағытында оң үрдіс қолға алынып келеді. Қашаннан да қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінде ондай отбасылар саны жетіп артылады.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 1 113 0

ЕҢБЕК КҮНІ ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ БОЛМАҚ

Қазақстанның кәсіби және өзге мерекелер тізімі жаңа мереке – Еңбек күнімен толықты. Елбасы Н.Назарбаетың Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні болып жарияланғаны белгілі. Биыл бұл мереке алғаш рет тойланғалы отыр. Осыған орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аманжол Алдажаровпен әңгімелескен болатынбыз.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 4 186 0

ЕҢБЕККЕРЛЕР МҮДДЕСІ БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын құру негізінде Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі "Еңбек күні” болып жарияланды. Мұнда еңбек адамының беделін көтеру, жұмысшылар әулетінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту, жас­тарды өндіріс салаларына мейлінше тарту мақсат етіп қойылған. Біз осыған орай еңбекшілер мүддесін қорғау шаралары жө­­нінде Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау бас­қар­масының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаевпен сұхбаттасқан едік.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 790 0

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – БІРЛІК ТІЛІ»

Тіл қоғаммен бірге өсіп-өнеді, қалыптасып, дамиды. Тіл мәселесін шешуде қоғамдық ұйымдардың маңызы зор болмақ.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 831 0

МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘҢГІЛІК ТІЛ

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай аймағымызда түрлі іс-шаралар жоспары жасалып, онкүндік жарияланған болатын. Осы негізде облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мұ­рындық болуымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да "Мәңгілік ел – мәңгілік тіл” тақырыбында флэш-моб болып өтті. Оған "Нұр Отан” партиясы қалалық филиалының өкіл­дері, "Жас Отан” жастар қанатының жанынан құрылған "Таза тіл” жастар тобы мүшелері және белсенді жастар ұйы­мының жетекшілері, аталған мекеме қызметкерлері қатысты. Шараны облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ә.Жарылқағанов ашып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, аталмыш мерекеге орай облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесе отырып, балабақшаларда, орта және жоғары оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, отандастарымыздың ана тілін жоғары бағалап және отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Жиын барысында жастар тіл жайында арнаулар оқып, сахналық көріністер көрсетіп және патриоттық әндер шырқады. Шара соңында ұйымдастырушылар жастарды ана тілін құрметтеуге, тіл саясатын жүйелі арттыруға өзіндік үлес қосуға және тіл тазалығын берік ұстануға шақырды. Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 908 0

МАҢЫЗДЫ НЫСАН НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛҒАН ЕМЕС

Тереңөзек кентінің тұсынан салынған көпірдің пайдалануға берілуі сол елде туып-өскен мені үлкен қуанышқа бөлеп отыр. Әрі облыс халқы ұзақ күткен нысанды салуға үлес қосқан азамат жайлы айта кетуді жөн көріп отырмын. Бұл ойға басылымдардың бірінен құрылысқа бөлінген қаржыға қатысты сенімнен гөрі күдігі басымдау материалды оқыған соң бекідім.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2014 г. 795 0

Арзан баға қайда бар?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде үстіміздегі жылдың 17 қыркүйегіне ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
ҚОҒАМ 18 қыркүйек 2014 г. 743 0

ҰСТА МЫРЗАЛЫ

"Еңбек етсең емерсің” де­ген сөз бар қазақта. Елба­сының да еңбек адамын дә­ріптеуі, "Еңбек қоғамына қа­­­рай 20 қадам” атты Жол­дауына негіз болды. Ал, 70-тің желкесіндегі қарт адам­ның бейнеткештігін дәріп­теу, жалқаулыққа бет бұрған жастарға үлкен өнеге. Терең­өзектік Мырзалы Орын­баев осындай еңбекқор жанның бі­­рі. Қолынан келмейтін ісі, батпайтын тісі жоқ бей­нет­кеш. Темірден түйін түй­ген шебер.
ҚОҒАМ 18 қыркүйек 2014 г. 838 0