Егін шаруашылығы саласында үздік көрсеткішке жеткен шаруашылықтар арасындағы «Сырдария ауданының жеңімпаздары»
ҚОҒАМ
08 қараша 2017 г.
773
0
ҚОҒАМ
08 қараша 2017 г.
695
0
Ел тәуелсіздігінің ширек ғасыр тарихында еліміз саяси-экономикалық және рухани-мәдени жаңғыртуларды бастан өткерді. Айталық, тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында экономиканың құлдырауы салдарынан елдің әлеуметтік жағдайы қаншалықты қиын болғаны баршамызға белгілі. Осынау сын кезеңнің ел үкіметіне жүктеген жауапкершілігі де аса ауқымды болды. Елбасы осы уақыттың еншісінде елді кәсіпкерлікке бейімдеп, сауатты азаматтардың салмақты жобалар енгізуін ел экономикасын дамытудың басты талаптарының бірі ретінде алға тартқан еді. Оның ішінде отандық кәсіпті дамытудың алғашқы бастамасы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталды. Дәл осындай ел тағдырының сынға түскен сәтінде жеке қаржатын жұмсап, жұртының жүрегіне үміт шырағын жаққан жігіттің бірі, бүгінгінің «атымтай жомарты», инвестор Имамзада Шағыртаев болатын. Ауылда туып-өскен азамат жасынан-ақ шаруашылық жұмыстарының қыр-сырына қанық болды. Сондықтан әрбір істі қолға алғанда алдымен өзіне жоғары талап қоятын. Осындай табандылығының арқасында талай қиындықтарды еңсеріп, түпкі мақсатына жетті.
ҚОҒАМ
08 қараша 2017 г.
1 321
0
Той – халықтың қазынасы. Қазір елдің жағдайы жақсарды ма, тойдың түрі көп. Ауылдағы ата-анамызға телефон шалып, жағдайын сұрасақ, «пәленшенің тойына бардық, ертең түгеншенің тойына барамыз» деп уақыттың тапшылығын айтады. Үлкендердің айтар әңгімесі бір. «Жақынның қуанышына ортақтасып бармасақ, ренжиді» дейді. Содан болар, адам көңілі бір атым насыбайдан қалады деп жататындары. Қалтаға да салмақ аз түспейтіні тағы бар. Кім сыйлықсыз тойға барыпты дейсіз? Оған қоса ауылдың бәрі бір-біріне туыс. Мәселен, бүгінде нәресте өмірге келсе, бесікке салса, тәй-тәй қадам басса, бәріне дүркіретіп той жасаймыз. Қуаныш ғой. Алайда, біршама уақыт бұрын мұндайды кішігірім етіп жасайтын. Ал, қазір салтанат сарайларында тойлайды. Мықты асаба, еліміздің белгілі өнер иелерін шақырып, думандатады. Бірақ бір өкініштісі бар. Соңғы уақытта той мәдениеті мен әдептілігін жоғалтып бара жатқандаймыз. Сіздер қалай ойлайсыздар? Оған дәлел жетерлік.
ҚОҒАМ
07 қараша 2017 г.
826
0
Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Ерімбетжаға елді мекенінде көптен күткен қуанышты оқиға болды. Сонау 80-жылдардың аяқ шенінде пайдалануға берілген бұрынғы мектеп ғимараты талапқа сай келмейтін еді. Міне, 50 орындық №18 негізгі мектеп ғимаратының құрылысы толықтай аяқталып, 20 орындық балабақшасымен бірге ел игілігіне берілді. Бұл ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы болатын.
ҚОҒАМ
07 қараша 2017 г.
857
0
Шиелі аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Айткүл Әбдіқадырованы сол өңірдегі жұртшылық жақсы біледі. Оның «Бекзатхан», «Аружан» мейрамханалары, «БекАру» кафесі, «БекАру-2» ұлттық тағамдар дәмханасы, кондитер цехтары, дүкендері елге қалтқысыз қызмет етіп келеді. Халық қалаулысы елдің өзіне артқан сенімі мен үмітін ақтау үшін барын сала еңбектенуде.
ҚОҒАМ
07 қараша 2017 г.
637
0
Елбасының биылғы Жолдауында 2017-2018 жылдары бюджеттен төленетін зейнетақылар мөлшерін үш кезеңде арттыру тапсырмасы берілген еді. Бірінші кезеңде, яғни 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері 9 пайызға, базалық зейнетақы - 7 пайызға артты. Ал, екінші кезеңде, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ынтымақтық зейнетақы мөлшері 11 пайызға, базалық зейнетақы мөлшері - 13 пайызға көбейтілді. ҚазАқпарат тілшісі зейнетақыны арттырудың үшінші кезеңі - 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жүргізілетін өзгерістерге шолу жасайды.
ҚОҒАМ
07 қараша 2017 г.
782
0
Қазіргі таңда Арал қаласында орналасқан Қарасақал Ерімбет көшесіндегі № 11 үй заман талабына сай күрделі жөндеуден өтті. Атап айтқанда, шатыры, есік-терезесі мен подъездері толықтай жаңартылған көпқабатты үйдің сырты да жаңаша үлгіде (профлистпен) қапталған.
ҚОҒАМ
06 қараша 2017 г.
703
0
2018 жылы Астана - Вильнюс, Алматы - Рига, Астана - Бухарест жаңа әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
ҚОҒАМ
06 қараша 2017 г.
545
0
Нарықта заңгер қызметі қымбат.Жұмыссыз азаматтар мен жұмыс берушілер арасында алтын көпір болып, онлайн түйіндемелердің базасын қалыптастырған «Headhunter» зерттеу компаниясының бірнеше жыл бұрын ұсынған рейтінгісі бойынша заңгерлер елімізде сұранысқа ие мамандықтардың үздік үштігінде екен.
ҚОҒАМ
06 қараша 2017 г.
662
0