Қазалы ауданының коммуналдық меншігінде барлығы 402 км аудандық маңыздағы автомобиль жолдары бар. Барлық жолдың 65,6 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
Осы жылы аудандық маңыздағы жолдарды жөндеуге 220,3 млн. тенге бөлініп, бірқатар жобалар іске асырылды:
- «Өркендеу-Жанкент» кіре беріс автомобиль жолын (5,65 км) күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 184,8 млн. теңге;
- «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолын орташа жөндеуге 35,7 млн. теңге.
Қазалы ауданында көктемдегі бөгетті бұзу салдарынан орын алған төтенше жағдайға байланысты аудандық маңызы бар «Басықара-Абай-Өркендеу» және «Басықара-Сарыбұлақ» автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына облыстың жергілікті атқарушы органының төтенше резервінен 45,1 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
Жол жөндеу жұмыстарымен қатар, көпір құрылысын салуда көп уақыттан бері шешімін таппаған жобаларға биыл республикалық және облыстық бюджеттерден 653,3 млн. теңге қаржы қаралды.
Атап айтқанда:- «Қазалы-Көларық-Бекарыстанби-Жаңақұрылыс» автомобиль жолының 33 км-дегі «Әлсейіт» учаскесіндегі көпір құрылысын бастауға республикалық және облыстық бюджеттен 550,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс басталды;
- «Бозкөл-Тасарық» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 0-22 км-дегі темір бетон көпірінің құрылысына облыстық бюджеттен 103,3 млн. теңге.
Сонымен қатар, елді мекен ішілік жолдарды жөндеуге облыстық бюджеттен 164,4 млн. теңге, аудандық бюджеттен 109 млн. теңге барлығы 273,4 млн. теңге қаржы қаралды.
Оның ішінде:
- Қазалы қаласының көшелерін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 107,6 млн. теңге;
- Ү.Түктібаев ауылының көшелерін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 56,8 млн. теңге;
- Әйтеке би кентінің шығыс жақ беткейіндегі темір жол өткелі арқылы айналма жолын орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 38,4 млн. теңге;
- Түктібаев ауылындағы Бозкөл, Жаңа көшелерін орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 20,6 млн. теңге;
- Жалаңтөс батыр ауылындағы Жалаңтөс, Ыбыраев көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 22,0 млн. теңге;
- "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде Басықара ауылындағы Қ. Есенов көшесінің автожолын асфальттауға аудандық бюджеттен 15,0 млн. теңге;
- Бірлік ауылындағы Тәуелсіздік, Рамберді ишан көшесінің батыс беткейін асфальттау жұмыстарына аудандық бюджеттен 10,0 млн. теңге;
- Сарыбұлақ ауылының ішкі көшелеріне тас жол төсеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 10,0 млн. теңге;
- Мұратбаев ауылындағы Қорқыт ата көшесін орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 3,0 млн. теңге.
Жарықтандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 12,5 млн. теңге аудандық бюджеттен 73,7 млн. теңге, барлығы 86,2 млн. теңге қаржы қаралды.
Оның ішінде: - Ү.Түктібаев ауылының 4 көшесін жарықтандыруға облыстық бюджеттен 12,5 млн. теңге;
- Қазалы қаласының 6 көшесіне жарықшамдарорнатуғааудандық бюджеттен 41,2 млн. теңге;
- Көларық ауылдық округіндегі Дінісламов, Аманкелді, Жеңістің 40 жылдығы, Б.Мәшенбаев көшелерін жарықтандыруғааудандық бюджеттен 6,5 млн.теңге;
- Бірлік ауылдық округіндегі Тәуелсіздік, Рамберді ишан көшесінің батыс беткейін түнгі жарықшамдармен қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен 3,0 млн. теңге;
- Шәкен ауылдық округіндегі Шәкен көшесін жарықтандыруға аудандық бюджеттен 4,0 млн. теңге;
- Сарыбұлақ ауылының көшелеріне түнгі жарықшамдарын орнатуға аудандық бюджеттен 10,0 млн. теңге;
- Құмжиекауылдық округіндегі Ізтлеуов, Ақжігітов, Ізтілеуов тұйығы көшелерін жарықтандыруға аудандық бюджеттен 9,0 млн. теңге.