Қазіргі таңда Арал қаласында орналасқан Қарасақал Ерімбет көшесіндегі № 11 үй заман талабына сай күрделі жөндеуден өтті. Атап айтқанда, шатыры, есік-терезесі мен подъездері толықтай жаңартылған көпқабатты үйдің сырты да жаңаша үлгіде (профлистпен) қапталған.
Ең кереметі, бүгінде үйге жапсарлас газ пеші ораласқан бөлме салынып, пәтерлерге су және газ жүйелері толықтай тартылып, орталықтандырылған септик жүйесіне де қосылған. Бір сөзбен айтқанда, үй иелері іргетасы сонау 1957 жылы қаланған көне баспаналарын заман талабына сай етіп жасақтаған игі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізді.
Бүгінде аталған қыруар жұмыстардың жүзеге асуына аудан әкімдігі мен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі ұйытқы болып отырса, жөндеу жұмыстарын аудандағы "Арал қанат-100" ЖШС-гі жүргізгендігін айта кеткен жөн.