ИНСПЕКЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАУЫРТ

Баспасөз орталығында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы инпекциясының басшысы Әлім Аймырзаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесуде ол «Қазақстан стратегиясы - 2050»: Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсетудің екінші бағытын орындауға қатысты жасалған жұмыстары жайында әңгімеледі және салаға қатысты терминдер мен инспекцияның қызметтік міндетіне түсінік берді. 
АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 834 0

МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ МӘНІ АРТАДЫ

Баспасөз орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрхан Жәлиевпен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов бұқаралық ақпаратқұралдары өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.  Онда желтоқсан айында аталып өтілетін мерекелер аясында ұйымдастырылатын шаралар  таныстырылды. 
АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 1 126 0

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Кеше облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың  төрағалық етуімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның селекторлық мәжілісі өткізілді.
АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 1 179 0

ӘСКЕРГЕ БАРУДАН ЖАЛТАРАТЫН ЖАСТАР ДА БАР

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу мемлекеттік  идеологияның темірқазығы болуы тиіс» деген болатын. Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға қашанда жігер мен қайсарлы мінез тән. Алайда, қазіргі күні өзінің азаматтық парызын орындаудан, әскерге барудан жалтаратындар қатары азаймай отыр.
АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 1 140 0

«ЕТ-СYТ ОДАҒЫ» ОБЛЫСТА

Бейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Ет-сүт одағы» республикалық палатасының мүшелерін қабылдады.
АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 1 009 0

ҰҚСАТА БІЛГЕНГЕ ЖҮГЕРІНІҢ БЕРЕРІ МОЛ

Бейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Венгрия мемлекетінің бас консулы Блауман Ференцті  қабылдады. 
АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 1 076 0

ҚАЗБА БАЙЛЫҒЫМЫЗДЫ ҚАЖЕТКЕ ЖАРАТУҒА БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ИНВЕСТИЦИЯ АРТУЫ ТИІС

Қара жердің қойны-қонышында адамзат баласы үшін қазба байлық жетіп артылады. Әрине, оны өндірісте өңдеу арқылы ғана пайда көзіне кенелуге болады. Сондықтан бұл бағытта әлі кәдеге аса қоймаған тың жобалар жеткілікті. Бұл игіліктер өңірдің экономикалық дамуына жол ашатыны сөзсіз. Осы бағытта еліміздің түкпір-түкпіріндегі минералды шикізат көздерінің қорын алдын ала саралау мен болжаудың маңыздылығы зор. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен өңірдің жер қойнауын дамытуға арналған кеңейтілген мәжілісте аталған тақырып жан-жақты талқыланды. Мәжіліске ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауы комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев қатысты. 
АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 1 110 0

ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МАҢЫЗЫ

Аптаның  жұма күні Студенттер сарайында облыс әкімі, саяси ғылымдарының докторы  Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы Президенттік инстиуттың рөлі мен маңызы» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Жиынды  Қорқыт ата  атындағы ҚМУ-дың ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор  Қылышбай Бисенов ашып, жүргізіп отырды.
АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 1 269 0

ИЗРАИЛЬ ТӘЖІРИБЕСІНЕН ҮЙРЕНЕРІМІЗ КӨП

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бейсенбі күні  облыс әкімшілігінің мәжіліс залында шақыртумен келген  израильдық және қазақстандық бір топ ғалымдармен кездесті. Облыстың жер жағдайымен жете танысқан олардың  негізгі мақсаты –  Арал теңізінің арнасын кеңейту, өңірдің экологиялық хал-ахуалын жақсарту шараларын  бірігіп іздестіру. Делегация жетекшісі, А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының бас директоры, биологиялық және медициналық ғылымдар бөлімшесінің төрағасы, ҚР ҰҒА  корреспондент-мүшесі Жеткерген Арзықұлов делегация құрамымен таныстырып, сапар барысын баяндады.  
АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 1 136 0

МӘСКЕУ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ АШПАҚШЫ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Мәскеу қаласы білім беру департаментінің делегациясын қабылдады. Онда Ресей Федерациясы Ғылым және білім министрлігі мен Мәскеу қаласы білім беру департаментінің Қызылорда қаласынан политехникалық байланыс колледжін ашу бастамасы қаралды.
АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 1 482 0