ИНСПЕКЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАУЫРТ

Баспасөз орталығында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы инпекциясының басшысы Әлім Аймырзаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесуде ол «Қазақстан стратегиясы - 2050»: Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсетудің екінші бағытын орындауға қатысты жасалған жұмыстары жайында әңгімеледі және салаға қатысты терминдер мен инспекцияның қызметтік міндетіне түсінік берді. 
Үстіміздегі жылдың 10 айында облыстық монополияға қарсы инспекциясында бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, мемлекеттің 100 пайыз қатысу үлесі бар 28 мемлекеттік кәсіпорын мен заңды тұлғаларды құру туралы өтінішхаттар қаралып, оның ішінде 2 субъекті құрудан бас тарту туралы шешім алған.  Сондай-ақ, мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар қызмет көрсететін тауар нарығында бәсекелестік ортаның жеткілікті дамуына байланысты мемлекеттің қатысуымен 19 мемлекеттік кәсіпорын мен заңды тұлғаның одан әрі жүргізетін қызметінен бас тартылған. Қазіргі таңға дейін 2 мемлекеттік сыңайлы кәсіпорын сауда-саттыққа шығарылып, бәсекелестік ортаға берілсе, 2 мемлекеттік кәсіпорын жойылған. Онан бөлек, 81 кәсіпорынды жоюға ұсыныс беріліп, бүгінгі уақытта 23-і жабылу үстінде.  Сонымен қатар, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 134-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындардың өз міндеттерін орындауына талдау жұмысы жүргізіліп, Жарғылық қызметтерін зерттеу барысында көпшілігінің Жарғысында «Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қызметтер» немесе «ҚР заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерімен айналысу» қызмет түрлерінің бар екені анықталып, осы бағытта инспекция облыс, қала және аудан әкімдерімен бірлесе отырып, кәсіпорындардың Жарғыларындағы аталған қызмет түрлерін алып тастау бойынша жұмыстар жасауда. 
Басқосуда сондай-ақ, иснпекицяның қызметтік міндеттері жайында кеңінен түсіндірілді.
Айнұр СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ.

АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 834 0