Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылындағы №162 орта мектепте алтын, күміс алқа иегерлерімен кездесу болды. Ақ жаулықты аналар мектеп оқушыларына тәлімді әңгімелер айтып, өз өмірлерінің шуақты кезеңдерін еске түсірді.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
956
0
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында медициналық колледждің мәжіліс залында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Жеңісті жақындатқан қайран біздің аналар» атты кездесу кеші болып өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, ауыл шаруашылығының, құрылыс, білім, медицина, баспасөз, сауда саласының ардагерлері, мұғалімдер мен студенттер қатысты. Құрметті қонаққа шақырылған отыздан астам ардагер аналардың барлығы дерлік соғыс жылдарында тылда еңбек етті, өздерінің өлшеусіз еңбектерімен жеңісті жақындатуға үлес қосты.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
966
0
Осы аптаның бейсенбісінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аймақта кезінде түрлі салада қызмет еткен ардагер аналар, қазір жемісті еңбек жасап жүрген әйелдер, көпбалалы аналарды қабылдады. Қабылдау барысында облыс басшысы оларды мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
1 109
0
Ұлт пен ұрпақтың бесігін тербетіп, тәрбиесін түзейтін, тіліміз бен ділімізді санамызға сіңіретін Ана деген құрметке ие ардақты жандарға арналып Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында салтанатты шара өтті. Тыныс-тіршілігімізге нәр берген күн шұғылалы көктем мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне аймақтың әр жерінен "Батыр аналар”, қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген қыз-келіншектер қатысты.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
1 907
0
Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен көктемгі дала жұмыстары дайындығына арналған отырыс өтті. Оған қала, аудан әкімдері, ауылшаруашылық саласы мамандары мен басқарма басшылары қатысты.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
892
0
Облыс орталығында көктемде келер қауіп-қатердің алдын алу мақсатында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай құрылым даярлығын қарау шарасы өткізілді. Оған 18 АҚ және ТЖ құрылымының 219 адамы мен 56 техникасы қатысты.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
985
0
Қызылорда медициналық колледжінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы, медицина ардагерлер кеңесі және денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымының ұйымдастыруымен медицина саласының ардагер аналары мен көшбасшы қыз-келіншектеріне арналған шара өтті.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
1 062
0
Мереке қарсаңында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов аймақтың мәдениет және өнер саласында қызмет атқаратын әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, саланың бір топ озаттарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тапсырды.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
955
0
Әйелдер мерекесі қарсаңында Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұжымы «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
848
0
Елбасының биылғы жылғы Жолдауында айтылған мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тарту жөніндегі талаптарын басшылыққа алған «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жыл басынан бері тұрақты біріккен жұмыс жәрмеңкесін өткізіп келеді.
АҚПАРАТ
06 наурыз 2014 г.
1 059
0