«КӨКТЕМ - 2014» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Облыс орталығында көктемде келер қауіп-қатердің алдын алу мақсатында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай құрылым даярлығын қарау шарасы өткізілді. Оған 18 АҚ және ТЖ құрылымының 219 адамы мен 56 техникасы қатысты. 
Құрылым «Талсуат» елді мекенінде төтенше жағдайды жою бойынша өткізілген оқу-жаттығуға қатысты. Операция сәтті атқарылып, қауіптің бетін қайтарады. Оқу-жаттығуға АҚ, ТЖД және оның аумақтық бөлімшелері атсалысты.
Оқу-жаттығу мақсаты – төтенше жағдайдың алдын алу мен жоюдың жүйесін жасау, қабілеті мен дайындық деңгейін тексеру. Жергілікті атқарушы орган жұмыстарының нысандарда кездейсоқ жағдай орын алғанда АҚ және ТЖ күштері мен құралдарын басқаруы, сондай-ақ табиғи және техногендік апаттардың зардаптарын жою кезінде басқару органдарының өзара әрекетін байқау болды.
Н.САҒАТҰЛЫ.

АҚПАРАТ 08 наурыз 2014 г. 985 0