АНА – ТІРШІЛІКТІҢ МӘНІ

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылындағы №162 орта мектепте алтын, күміс алқа иегерлерімен кездесу болды. Ақ жаулықты аналар мектеп оқушыларына тәлімді әңгімелер айтып, өз өмірлерінің шуақты кезеңдерін еске түсірді. 
Шараның ашылуында мектеп директоры Серік Жаманқұлов, батыр ана Күлән Кенжеғұлова сөз алып, нәзікжанды арулар мен әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтады. Сонымен бірге, бүгінгі қоғамдағы әйелдердің рөлі, қыз бала мен келін тәрбиесі секілді тақырыпта келелі мәселелер қозғалып, пікірталас өрбіді. Ал, кездесудің қонағы болған Күләйым Сәрсенова, Жанар Адырбекова, Оразкүл Бұйрашова, Гүлмира Сыздықова өзара сынға түсіп, бала тәрбиелеуге байланысты ситуациялық тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде көпбалалы ана Жанар Адырбекова үздік деп танылды. Кездесу соңында оқушылар әннен шашу шашып, ақ жаулықты аналарға сыйлықтар берді. 
 Жаңагүл ОПАШОВА. 
Жаңақорған ауданы,
Қожамберді ауылы.

АҚПАРАТ 08 наурыз 2014 г. 956 0