Облыс бойынша биылғы оқу жылында 7065 түлек үлкен өмірге қанат қағады деп күтілуде. Аймақта 8 тестілеу орталығы бар, оның 6-ы аудан орталықтарында болса, екеуі Қызылорда қаласында орналасқан. Жаңа мектеп ғимаратында, типтік жобадағы мектепте және университеттер базасында орналасқан ҰБТ өткізу пункттерінде мүмкіндігінше жағдай жасалған. Түлектерді қабылдайтын аудиториялар саны нақтыланып, олар қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылды, желдеткіштер орнатылып, жеке гигиена талаптары толық іске асырылды. Балаларды тасымалдауға, тамақтандыруға және жатақханаға жылдағыдай мемлекет қорынан 17 млн. 560 мың теңге бөлінді.
АҚПАРАТ
26 сәуір 2014 г.
1 512
0
Қызылорда мамандандырылған әкімшілік сотының биылғы 14 наурыздағы қаулыларымен Өзбекстан Республикасының 8 азаматы кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алуға қаулы қабылданған. Сол күні ол орындалу үшін Қызылорда қалалық ІІБ-на жолданған.
АҚПАРАТ
26 сәуір 2014 г.
907
0
Облыстық сот төрағасы Нұрлан Қайырбековтың төрағалығымен өткен жиында облыс соттарының алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстары қорытындыланды.
АҚПАРАТ
26 сәуір 2014 г.
1 001
0
Бүгінде елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға Елбасы тапсырмасына орай баса мән беріліп, мемлекет тарапынан қолдау жасалуда. Қайсыбір істің орайын тауып, оңтайлы мүмкіндік жасаған әрбір азаматтың жеке кәсіп ашуына мол мүмкіндік жасалып отыр. Елімізде кәсіпкерлікке даңғыл жол ашу бағытында сан алуан мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, кәсіп ашуға ниеттенген талапкерлерді арнайы дайындау жолға қойылған. Сондай-ақ, алдын ала бизнес-жоспар құрудың заңды жолдарын үйрететін орталықтар да ашылған.
АҚПАРАТ
26 сәуір 2014 г.
1 113
0
Үстіміздегі жылғы 15 сәуірде Мәскеуде Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдердің үкіметтері жетекшілерінің кездесуіне қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарынан мәлім болып отырғанындай, кездесудің күн тәртібінде Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісім жобасы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, темір жол және автокөлік тасымалына қатысты мәселелер сөз болды.
АҚПАРАТ
26 сәуір 2014 г.
837
0
Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет. Еліміздің барлық аймағында Елбасы саясатын жүргізіп отырған мемлекеттік қызметшілерге артылар жүк жеңіл емес. Уақыт өткен сайын мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету сапасын көтеру бүгінгі таңда мемлекет тарапынан қойылып отырған басты талаптардың бірі. Осы орайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан мақсатты жұмыстар ұдайы жүргізіліп келеді. Осы департаменттің басшысы, Тәртіптік кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев "Сыр медиа” ЖШС жанында құрылған облыстық коммуникациялар орталығында журналистермен кездесіп, 2014 жылы атқарылған жұмыстармен осы салаға қатысты жаңалықтарды жеткізді.
АҚПАРАТ
26 сәуір 2014 г.
1 154
0
Облыстық дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Студенттер сарайында "Этносаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық үлгісі” тақырыбында "дөңгелек үстел” өткізілді. Оған құқық қорғау органдары, ұлттық-мәдени орталықтары, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және жастар қатысты.
АҚПАРАТ
26 сәуір 2014 г.
1 388
0
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 86 млн. теңгеден асатын 6 жобаға қолдау көрсету мақұлданды. Кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктен алған несиелерін мемлекет тарапынан субсидиялауға мүмкіндік алды.
АҚПАРАТ
26 сәуір 2014 г.
1 132
0
Кеше облыстық әкімдікте облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуiмен дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы болып өтті. Мәжілісті ашқан аймақ басшысы әлем экономикасының қазіргі ахуалының біздің аймаққа да қатысы бар екенін атап өтті.
АҚПАРАТ
26 сәуір 2014 г.
792
0
Өткен сейсенбіде Қызылорда қалалық Оқушылар сарайында «Жұлдызай» ІХ республикалық мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық фестивалі болып өтті. Мүгедек балалар мен жасөспірімдердің қабілетін, талантын ашып, олардың белсенділігін арттыруды мақсат еткен шараға аймағымыздан іріктеліп, 101 өнерлі оқушы қатысты.
АҚПАРАТ
26 сәуір 2014 г.
990
0