ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТ АНЫҚТАЛДЫ

Қызылорда мамандандырылған әкімшілік сотының биылғы 14 наурыздағы қаулыларымен Өзбекстан Республикасының 8 азаматы кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алуға қаулы қабылданған. Сол күні ол орындалу үшін Қызылорда қалалық ІІБ-на жолданған. 
Ертеңіне қалалық прокуратура басқарманың қамау орнында ұсталғандардың заңдылығын тексеру барысында оларды бір тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы қызметтік жалғандық жасалғанын анықтады.
Қадағалау ретімен қалалық прокуратураға Қызылорда мамандандырылған әкімшілік соттан келіп түскен осы қаулыларда Өзбекстан Республикасының 8 азаматы 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Сөйтіп, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті немесе оған теңестірілген адамдар қызметтік жалғандық жасау, яғни көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, басқа адамдарға пайда мен артықшылық алып беру үшін өзбекстандық азаматтарды әкімшілік қамау орнынан босату мақсатында әкімшілік сот қаулыларына бір тәулікке әкімшілік қамау деп көрінеу жалған мәлімет енгізген. Осылайша жалған сот қаулылары негізінде Өзбекстан Республикасының 8 азаматы әкімшілік жазаларын толық өтеместен әкімшілік қамау орнынан күнілгері босатылып кеткен.
Жоғарыдағылардың негізінде қалалық прокуратура белгісіз адамдардың іс-әрекетінде Қызылорда мамандандырылған әкімшілік сот қаулыларына көрінеу жалған мәлімет енгізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, ол тергелу реттілігімен облыстық қаржы полициясына жолданды.
Б.ЕСЕНТАЙ,
Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі.

АҚПАРАТ 26 сәуір 2014 г. 907 0