Қызылорда қаласындағы №2 «Мұрагер», №233 ортамектеп базаларында 2014-2015 оқу жылының 1-ші қыркүйегінен 12 жылдық білімберу жүйесіне көшу аясында эксперимент жұмыстары басталды. Оның бағдарламасы іс-әрекет және жұмыс жоспары ҚР Білім және ғылым министрлігінің тиісті нормативтік құжаттарына сүйене отырып жасалуда.
АҚПАРАТ
09 қыркүйек 2014 г.
715
0
Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 2 колледж және өңіраралық 4 колледж ашылады. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Эльдана Сәдуақасова мәлім етті.
АҚПАРАТ
09 қыркүйек 2014 г.
790
0
Білім күні қарсаңында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы балаларға қамқорлық көрсетті. Банк ұжымы қаладағы №1 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернаты мен №7 арнайы түзету мектеп-интернатының балаларына кезекті рет сый-сияпат жасады. Филиал директорының орынбасары Уәлихан Абдихаимов банк ұжымы атынан барша бүлдіршіндерді Білім күнімен құттықтап, мектепке қажетті киім-кешектер мен оқу құралдарын табыстады.
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
888
0
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
779
0
Қызылорда облысында азық-түлік бағалары республиканың орташа көрсеткішімен салыстырғанда біршама арзан. Жалпы 8 айда аймақтың бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсу тенденциясы байқалуда.
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
788
0
Егіншілік саласында өзіндік дәстүрі бар Шиелі ауданында аптаның жұмасы күні биылғы күріш орағы басталды. Үстіміздегі жылы аудан диқандары 24 мың гектардың үстінде екпелі дақылдарды орналастырса, оның 8600 гектары күріш алқабы. Осындағы ірі шаруашылық құрылымдарының бірі – «Төңкеріс» шаруа қожалығы мың гектарға таяу Сыр маржанын орналастырса, соның №1 бригадасы 430 гектар күрішке иелік етуде. Осы Бауыржан Көпеев басшылық жасайтын бригаданың озат механизаторлары жаткашы – Еркебұлан Әбілпанов, Қайрат Жақсылықов және Мархаббат Әзизов, Әділ Шәріп аудандағы алғашқы күріш орағын бастады.
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
1 150
0
Облыстық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына сай облыстан ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың облыс мәслихаттарының депутаттарымен (таңдаушылармен) кездесу кестесін төмендегідей тәртіппенжариялайды: Арал ауданында – 13.09.2014 ж., сағат 9.00-де аудандық мәдениет үйінде, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, №115 үй;
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
751
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің мәжілісінде өңірдің 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыға түсті. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі туралы баяндады.
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
719
0
2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыс бюджетінің кірісі 152,3 млрд. теңгені құрады. Бұл жоспарланған болжамның 109,1 пайызын құрайды. Соның ішінде республикалық бюджеттен алынатын трансферттер мен несиелерді есептемегенде облыс бюджетінің өз табысы 47,5 млрд. теңге болды. Тіпті өткен жылдың тиісті кезңімен салыстырғанда табыс жинау көлемі 2,5 еседен астам немесе 12,1 млрд. теңгеге өсті. Бұл аймақтың маңызды әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал жасауда.
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
761
0
Сіздерді 10-14 қыркүйек аралығында өтетін Сыр елінің тумасы, қазақ өнерінің асыл анасы Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған Қазақстан театрларының XXII республикалық фестиваліне шақырамыз!
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
1 244
0