Аймақ-ақпарат

• Қызылорда қаласындағы №2 «Мұрагер», №233 ортамектеп базаларында 2014-2015 оқу жылының 1-ші қыркүйегінен 12 жылдық білімберу жүйесіне көшу аясында эксперимент жұ­­мыстары басталды. Оның бағ­дарламасы іс-әрекет және жұмыс жоспары ҚР Білім және ғылым министрлігінің тиісті нормативтік құжаттарына сүйене отырып жасалуда.

• Қазалы аудандық жұ­мыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар, мәде­­ниет және тілдерді дамы­­ту бөлімдерінің ұйымдас­тыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәрімізде бірдейміз» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы өткізілді. Өнер додасында 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып, олар көркемсөз оқу, ән, күй, би, терме, аспапта ойнау жанрлары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

• Қармақшы ауданында Яд­ро­лық сынақтарға қар­сы ха­лық­аралық іс-қимыл күні­­не және «Невада-Семей» қоз­ға­лысының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Ядролық қарусыз әлем – адамзаттың ең ізгі мұраты» тақырыбы бойынша аудандық конференция болып өтті.

Шара аясында Қармақшы ау­дан­дық «Невада-Семей» қоғам­дық бірлестігінің мүшелері аудан әкімінің Алғыс хатымен, мере­келік төсбелгілермен мара­патталып, полигон зардабынан қайтыс болған азаматтардың жесір­леріне сый-сияпат көрсе­тілді.

• Жалағаш ауданында «Жа­ла­ғаштық жастар – жарқын бола­шаққа!» атты жастардың фору­мы өттi. Оған 200-ге жуық жастар жиналып, «Ерiктiлер қозғалысын ұйымдастыру жолдары», «Дiн және жастар», «Мемлекеттiк бағдарламалардың жастар саясатындағы рөлi» атты тақырыптар төңірегінде ой бөлісті.

• «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиа­лында Сунақата ауылдық окру­гі әкімі Әзия Қыстаубаева тіл­шілермен брифинг өткізіп, ок­руг­те жасалып жатқан жұ­мыс­тарды баяндады. Үстіміз­дегі жылдың мамырында 40 орындық «Айшакүл» жеке балабақшасы ашылды. Қазіргі таңда 90 орындық балабақша мен селолық аурухана құжаттары жасалуда. Ауылдық округте ауыз су мәселесі жүз пайыз шешілген.

АҚПАРАТ 09 қыркүйек 2014 г. 717 0