АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.

Қызылорда қаласы. «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде бір келі І сортты бидай ұны – 54, қант – 130, ет – 950, картоп – 70, жуа – 110, сәбіз – 110, қырыққабат – 35, қызылша – 80, карақұмық– 145, арпа жармасы – 90, сұлы жармасы 135 теңгеден сатылуда.

«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада бір келі картоп – 80, жуа – 75, сәбіз – 95, қызылша –75, қырыққабат 55 теңгеден сатылып жатыр.

Арал ауданы. Арал қаласының «Қанағат» базарының жанынан ашылған әлеуметтік орында қант – 190, ал, жеке кәсіпкер Н.Сапарбаевтың дүкенінде картоп – 70, жуа – 90, сәбіз – 110, қырыққабат – 60, өсімдік майының 1 литрі 230 теңгеден сатылуда.

Қазалы ауданы. «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда орындарында жұмыртқа – 18 теңгеден, картоп – 70, жуа – 80, қырыққабат – 50, сәбіз – 85, өсімдікмайы 240-250 теңгеден сатылуда.

Қармақшы ауданы. «Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде картоп – 70, сәбіз – 85, жуа – 70, капус­та 50 теңгеден сатылып жатыр. ЖК «Ешмұратов», ЖК«Жаппасбаев» дүкендерінде І сортты бидай ұны 56 теңгеденсатылып жатыр.

Жалағаш ауданы. «Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінен І сортты бидай ұны – 57, жұмыртқа – 17 теңгеге, өсімдік майы – 230-240, жуа – 90, сәбіз – 100, қырыққабатты 60 теңгеден алуға болады. Сондай-ақ, «Әділет» базарында ет 1200 теңгеден сатылып жатыр.

Сырдария ауданы. «Серікбол» дүкенінде картоп – 60, сәбіз – 100, қырыққабат – 50, жуа – 100, қант 170-180 теңге. «Коммуналдық» базарында жұмыртқа 18теңгеден сатылуда.

Шиелі ауданы. «Ә.Шорабаев», базарында картоп – 50, жуа –70, сәбіз – 90, қырыққабат – 50, жұмыртқаның 10 данасын 180 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылып жатыр.

Жаңақорған ауданы. «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл» дүкен­дерінде картоп – 65, жуа – 60, қырыққабат – 55, сәбіз – 90, жұмыртқа – 17, І сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылса, сондай-ақ «Нұр» базарында еттің келісі 1100 теңгеден сатылуда.

АҚПАРАТ 06 қыркүйек 2014 г. 791 0